Клон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dollyscotland (crop).jpg
Долли— қой ұрғашысы, басқа ересек жанды заттың торша ойдағыдай көбейтiлген бiрiншi сүтқоректi клон.

Клон — бір торшаның немесе бір организмнің жыныссыз көбеюі нәтижесінде пайда болған ұрпақ.

Микроорганизмдер генетикасында негізгі өлшем бірлігі ретінде пайданылады. Иммунологияда клон деп антиген әсерінен лимфоциттерден болған торшалар тобын атайды. Вирусологияда клон — бір вирионнан тарайтын бір текті вирустар тобы. Вирустық клонды вируспен зақымданған тауықтың қауызын жармаған балапанының хорионаллантоисты қабығындағы жеке күлдіреуік жаралардан немесе торша себіндісіндегі таңбалардан іріктеу, сондай-ақ вирусты көбейту арқылы алады. Клондау (лаборатория жағдайында торша немесе вирус клондарын жасанды алу) — онкология, генетика, иммунология, вирусология және т. б. салаларда теориялық және іс жүзінде күрделі мәселелерді зерттеу үшін қолданылады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Клон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}