Клингон тілі
Клингон тілі (Клингонша: tlhIngan Hol) — Star Trek («Жұлдызды жол») телевизиялық тізбегіндегі жатғаламшарлықтар клингондардың тілі. Бұл тілді тілтанушы Марк Окранд нағыз «жатғаламшарлық» тіл болсын деп әдейі құрастырған. Сондықтан бұл тілдің көптеген өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы сөйлемнің «толықтауыш – баяндауыш - бастауыш» ретімен құрылуы. Бірінші рет клингон тілі «Star Trek: The Motion Picture» фильмінде қолданылды, ал оған дейін клингондар ағылшын тілінде сөйлеп келді. Содан кейінгі уақытта Марк Окранд клингон тілін өз сөздігі, нормативті грамматикасы бар толыққанды тілге айналдырды.
«Star Trek» тізбегінің кейбір әуесқойлары немесе тілдерді үйренуді ұнататындардың кейбіреулері клингон тілінде сөйлесе алады. Бұл тілдің сөз қорында ғарыш кемелеріне немесе клингон нәсілінің қару-жарағына қатысты сөздер көп те, жерліктер күнделікті қолданыста пайдаланатын заттарды білдіретін сөз жоқ. Мысалы, «көлікті иондайтын қондырғы» (jolvoy), немесе «ғарыш кемесінің басқару мінбесі» (meH) дегенді білдіретін сөздер бар да, «көпір» деген мағынадағы сөз жоқ. Соған қарамастан осы тілді білетіндер күнделікті тақырыптар туралы да әңгіме жүргізе алады.
pIqaD | Кириллица | IPA |
---|---|---|
a | А, а | Үлгі:IPA |
b | Б, б | Үлгі:IPA |
ch | Ч, ч | Үлгі:IPA |
D | Д, д | Үлгі:IPA |
e | Э, э | Үлгі:IPA |
gh | Ғ, ғ | Үлгі:IPA |
H | Х, х | Үлгі:IPA |
I | І, і | Үлгі:IPA |
j | дж | Үлгі:IPA |
l | Л, л | Үлгі:IPA |
m | М, м | Үлгі:IPA |
n | Н, н | Үлгі:IPA |
ng | Ң, ң | Үлгі:IPA |
o | О, о | Үлгі:IPA |
p | пһ | Үлгі:IPA |
q | қһ | Үлгі:IPA |
Q | қх | Үлгі:IPA |
r | Р, р | Үлгі:IPA (Үлгі:IPA) |
S | Ш, ш | Үлгі:IPA |
t | тһ | Үлгі:IPA |
tlh | тл | Үлгі:IPA |
u | У, у | Үлгі:IPA |
v | В, в | Үлгі:IPA |
w | У, у | Үлгі:IPA |
y | Й, й | Үлгі:IPA |
' | - | Үлгі:IPA |