Star Trek

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал

«Жұлдызды жол» (Үлгі:Lang-en) — танымал ғылыми фантастикалық медиафраншиза. Алты телевизиялық сериалдан, 12 толықметражды фильмнен, жүздеген кітаптар мен әңгімелер желісінен, компьютерлік ойындардан тұрады.<ref name="nytimes.com">The Two Sides of ‘Star Trek’ By DAVE ITZKOFF Published: мамыр 9, 2009 </ref> Киноэпопея желісі бойынша көптеген фан-арт жасалған.<ref name="nytimes.com" />"Жұлдызды жол" америкалық бұқаралық мәдениетке үлкен әсер етті және жаңа субмәдениет тудырды.<ref name="nytimes.com" />

1966 жылы 8 қыркүйекте шыққан "Жұлдызды жол" және "Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериал" идеяларының авторы Джин Родденберри. Қазіргі уақытта франшиза CBS және Paramount иелігінде. Ең бірінші сериалар, кейін "Түпнұсқалық сериалар" деп аталған, 1966 жылы NBC-де басталып, үш маусымға созылды. Оқиға желісінде Джейс Т.Кирк және Энтерпрайз кемесі экипажының бастан кешкені баяндалады. Жұлдыздар арасында ұшатын зерттеу кемесі "Ғаламшарлардың Біріккен Федерациясына" тиесілі.

Тарихы

Басталуы

Сурет:Gene Roddenberry crop.jpg
Star Trek-ті ойлап тапқан, продюсер және жазушы Джин Родденберри

1964 жылы Джин Родденберри Star Trek аталуы керек ғылыми-фантастикалық сериал идеясын дайындайды. Star Trek-тегі оқиғалардың негізгі желісі Жұлдызды флотта қызмет ететін адамдар мен өзге ғаламшарлықтар аясында өрбиді.

Сурет:Emblem.svg
Жұлдызды флот эмблемасы

Телевизиялық сериалдар

Star Trek негізінде 6 телевизиялық сериал шығарылған: Түпнұсқалық сериалар (The Original Series), Анимациялық сериалар (The Animated Series), Келесі ұрпақ (The Next Generation), Терең космос (Deep Space Nine), Вояджер (Voyager) және Энтерпрайз (Enterprise). Бүкіл сериалдар 726 эпизод, 30 маусымнан тұрады.

Түпнұсқалық сериалар (1966–69)

Сурет:Star Trek TOS logo.svg
Түпнұсқалық сериалар логосы, барлық франшизаларда бірдей.

Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериалар немесе "TOS" классикалық "Жұлдызды жол" ретінде қарастырылады. Сериал ең алғаш 8 қыркүйек 1966 жылы АҚШ-та NBC арнасында көрсетілді.<ref name="TOS debut">Үлгі:Cite news</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Sisterlinks