Киіз үйді тігу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Yurt-construction-2.JPG
Киіз-үй тігу процесі

Үй тігерде, ең алдымен қолайлы жер таңдап алады. Сонан соң кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіл, екінші жағын балақ бау арқылы кереге басына байлайды, шаншылып біткен уықты айналдыра құрмен шалмалап таңады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады. Үйдің сүйегін (кереге, уық, шаңырақ) туырлық, үзік, түндікпен жабу жұмысты төменнен басталады. Туырлықтың бір ұшын есік жақтауына байланыстырады да, содан кейін керегені орай айналдырады.

Туырлық киіздің төменгі етегі жерге 3—4 елідей қайырыла тиіп жатуы, ал жоғарғы жағы уық пен керегенің қосылып байластырылған тұсына жетіп тұруы керек. Осылайша тығыз жапсырыла жабылған туырлық қозғалып не төмен түсіп кетпес үшін, сыртынан керегеге шандып байланады. Екінші кезекте уық бойына үзік жабылады. Оның төменгі шеті туырлықтың жоғарғы шетімен бірікгіріле кереге басына бекітіледі де, қалған бөлегі бақанның көмегімен шаңырақ шеңберіне дейін (түндік жабылатын) көтеріледі. Сөйтіп үзік баумен шалмалап байлап тастайды. Үзік киіздер арасында қуыс, ашық жер қалмайтындай етіп бірінің шетін екіншісімен бастыра жабылады. Бұдан соң киіз есік орнатылады. Ең соңында шаңыраққа бақан арқылы түндік жабады. Киіз есік пен түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып, жабылып тұрады.

Киіз үй жасайтын кәсіпорындар

Қазіргі кезде киіз үй жасау Қазақстанда өнеркәсіптік жолға қойылып, онымен арнаулы кәсіпорындар айналысатын болды. Олар: Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігінің

Бұларға қажетті киіз бұйымдарын Қазақ ССР Жергілікті өнеркәсіп министрлігінің Талғар және Предгорный киіз басу, Көкшетау, Семей, Орал пима фабрикалары; бау, басқұр, таңғыш, арқандарды Қазақ ССР Жергілікті өнеркәсіп министрлігінің Шымкент иіру-тоқу фабрикасы, Жамбыл тоқыма-галантерея комбинаты және Қордай өнеркәсіп комбинаты жасап шығарады. Киіз үйге қажетті мебельдер (стол, шкаф, сандық, орындық) Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігінің Жамбыл және Қызылорда мебель фабрикаларында жасалады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағыда қараныз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Киіз үйді тігу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}