Үштөбе киіз үй комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үштөбе киіз үй комбинаты- жергілікті кәсіпорын. 1961 жылы Қаражал құрылыс материалдары зауытындағы шағын, арнаулы цехтың негізінде ұйымдастырылып, бастапқыда "Киіз үй фабрикасы" деп аталды. 

Мұнда малшыларға арналған киіз үй жасайды. 1965 жылы Қазақ КСР Мин. Кеңесінің № 689 қаулысына сәйкес фабрика Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігінің қарауына көшті. Қазақ үйдің қаңқасын дайыңдау үшін қиылған ағаш материалдары және ішінара тал пайдаланылды. Алғашында есік дайындайтын, киіз басатын және механикалық үш учаске жұмыс істеді. 1967 жылы үкіметтің қаулысымен жылына 15000 қазақ үй жасауға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік технология іске қосылды. Кәсіпорын үйден басқа киіз, гофрокартон, құрылыс жабдықтарын, орындықтар, ұлттық ою-өрнегі бар дөңгелек үстелдер, әр түрлі жиһаздар, ат әбзелдерін және т.б. тұрмыстық бұйымдарды шығара бастады. Үштөбе киіз үй комбинаты к-ның өнімдері тек республикаға ғана емес, сонымен бірге шет елдерге де кеңінен танымал. Комбинаттан шыққан киіз үйлер беріктігімен, өсемдігімен және пайдалануға қолайлығымен ерекшеленеді. Комбинат қазір "Шаңырақ" АҚ деп аталады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Үштөбе киіз үй комбинаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}