Киев Мырзабай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Киев Мырзабай(1938 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қызан ауылы) – педагог, партия қызметкері, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» (1998).
- Гурьев педагогика институтын (1959),
- Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген (1976),
- Еңбек жолын Үштаған орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
- 1976 – 1978 жылдары ауданы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінде меңгеруші,
- 1978 – 1986 жылдары Маңғыстау ауданы партия комитетінің хатшысы,
- 1986 – 1991 жылдары Ералиев ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары,
- 1991 – 1996 жылдары облыстық ғылым және білім саласы қызметкерлері кәсіподақтар комитетінің төрағасы,
- 1996 – 2001 жылдары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тының директоры қызметтерін атқарды.
- Жергілікті ақын Т.Балтабасұлының шығармаларын жинақтап, халық арасына таратушы. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) мерекелік медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>