Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысының аяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдың тамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.

Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.

Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Сырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.

Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.

1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.

Партиялық мұрағаттар қорында сақтауға іріктелінген құжаттар кешенінің негізгі бөлігін РК(б)П - БК(б)П - КОКП-ның қазақстандық ұйымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімдері мен қаулылары, Қазақ облыстық комитеті (Кыробком, 1921-1925), БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (1925-1937), Қазақстан Компартиясы OK (1937-1991) секретариаты Бюросы отырыстарының хаттамалары, олармен бірге жолданған құжаттар, республикалық және жергілікті партия ұйымдары пленумдарының, мәжілістерінің, құрылтай жиналыстарының материалдары, барлық деңгейдегі партия комитеттері мен ұйымдарының, партиялық, кеңестік бақылау органдарының, халық комиссариаттары мен министрліктердің, мекемелер мен құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы есептері, талдау жазбалары, анықтамалар, баяндамалар, хаттар, статистикалық мәліметтер және басқа құжаттар құрады. Бұл құжаттар, тұтастай алғанда, тоталитарлық қоғам шеңберінде жасалған тарихи ақпараттардың күрделі де кең жүйесін сипаттайды.

Бұл құжаттардың басты құндылығы — бастауыш партия ұйымдарының белсенділерінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті номенклатурасының басшы қызметкерлеріне дейінгі сан мындаған адамдар туралы партиялық істерде жинақталған жеткілікті мөлшердегі ақпараттардың болуында. Партиялық іс құжаттар адамның қызмет баспалдақтарымен жүріп өткен әрбір қадамын — өмірбаян дерегін, мінездемелер мен анкеталарды, анықтамаларды жай тізіп шығу ғана емес, олар Қазақстанның өткен тарихы, бүкіл халықтың тағдыры туралы үлкен тарихи мәні бар мәліметтерге де толы. «Қазақстан тарихының» осы 4-томында саясат, экономика, мәдениет пен тұрмыс мәселелерін, қазақстандықтардың басып өткен жолын, жекелеген тұлғалардың тағдырына дейін жан-жақты суреттейтін орасан мол деректердің жоғарыда аталған тобы кеңінен пайдаланылды.

Екі деректемелік қордың жасалуы және бұған қоса мұрағаттардың партиялық және мемлекеттік дербес екі жүйесінін құрылуы Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына кері әсерін тигізді. Соған сәйкес, ғылымның екі бағыты - жетекші-бағыттаушы партиялық ғылым мен оған бағынышты азаматтық тарих ғылымы қалыптасты.

Бұған дейін республика Ағарту халық комиссариатына бағынышты болып келген мемлекеттік мұрағаттар 1938 жылдан бастап КазКСР Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілді. Мұрағаттарда жартылай әскери тәртіп енгізілді, құжаттарды пайдалану мен жариялау ережесі күшейтілді. Ұзақ жылдар бойы онда жабық мекеме рухы, ерекше құпиялық пен тарихи құжаттарды халықтан жасыру ахуалы үстемдік құрды.

Кеңес үкіметі жылдарында Қазақстан мұрағаттарының құжаттық қорлары әлсін-әлсін «тазалау» мен аса құпиялық бақылауға алынып отырды. Жалпы алғанда, кеңестік дәуірде жазба деректер сан жағынан әлденеше есе өскеніне қарамастан, Сталиннің кезінде және одан кейінгі кезеңде кеңес дәуіріндегі тарихтың қайнар көздеріне орны толмас зиян келтірілді.

40-70-жылдардағы жоспарлы тазалау барысында мұрағат қоймаларының партиялық қорларынан, тарихи құндылығы жоқ деген желеумен, Қазақстан тұрғындарының 20-50-жылдардағы ауыр жағдайына куәлік ететін құжаттар алып тасталынды және отқа өртелді. Олармен бірге партия комитетгері мен үкіметтік құрылымдар ұйымдарының жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктер туралы мәліметтер (немесе сыни пікірлер) бар құжаттар да жойылды. Мемлекеттік мұрағат қоймаларының қорларына қатысты да осындай шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, 1941 жылғы шілде-тамыз айларында ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағатында жүргізілген арнайы тексеруден кейін, республика Халық Комиссарлары Кеңесінің қорынан (№30 кор) 1920-1929 жылдардың 172 мұрағаттық ісі жойылу үшін алынды. Осылайша 1944 жылдың тамызында 1929-1935 жылдардың 610 мұрағаттық істері, 1945 жылдың шілде — желтоқсанында 1929-1936 жылдарға қатысты 2310 мұрағаттық іс өртелді.<ref>The modern history of Soviet Central Asia. P. 179- 187; idem. Modernization in the East: the role of script and language reform // Asian affairs. 1974. Vol. 5. Pt. I. P. 157-164; idem. The Turkic languages of Soviet Asia: Russian linguistic policy / / Middle Eastern Studies. 1977. Vol. 13. No. 2. P. 208-217; Rywkin M. Russia in Central Asia. N.Y., L., 1963. P. 86-87; Dunn S. and Dunn E. Soviet regime and native culture in the Soviet Union // American anthropologist. 1962. Vol. LXIV. No. 2. P. 328-339; Henze P.B Politics and alphabets in Inner Asia // Advances in the creation and revision of writing systems. The Hague. P. 371-420; Problems of Communism. 1982. No. 4. P. 78 etc.</ref>.

Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар тәркіленіп, ізсіз-түзсіз жоғалып кетті. Қалған істерге «Құпия», «Ерекше құпия», «Жариялауға жатпайды» деген белгілер соғылып, олар арнаулы жабық қорларда ұсталды. КК(б)П OAK Өлкелік Комитеті ЧК-ОГПУ-НКВД ПМ салалық мұрағаттарында Алаш қозғалысына қатысушылар, оппозициялық топтар мен жіктер, сондай-ақ әр кезеңде, әсіресе 20-жылдары республиканы ұлттық мүддесін табандылықпен қорғағандар туралы құжаттар сақталды. 20—30-жылдардың соңында бұл материалдар жаппай қуғын-сүргінге ұласқан идеологиялық науқан мен тазалаудың негізіне алынды. Қызметкер орган тарапынан тұтқындалып, «халық жауы» деген ат алысымен-ақ, тиісті қорларды тазарту жұмыстары жүргізілді және оның есіміне қатысты құжаттар алынып тасталды.

«Қазақстан тарихының» 4-томында деректемелер ретінде пайдаланылған құжаттар, өзінің сипаты жағынан, мұрағаттық материалдардың: # мемлекеттік мекемелер, # қоғамдық ұйымдар, # жеке тұлғалар тарапынан жасалынған үлкен үш тобына бөлінеді. Атқаратын қызметтеріне қарай бұл құжаттар нормативтік-реттеуші (заңдар, жарлықтар, қаулылар т.б.), ұйымдастыру-басшылық, ақпараттық-анықтамалық, жоспарлар, есеп беру құжатнамалары болып бөлінді.

Осы томды жазу барысында пайдаланылған КырОАК, БОАК, КазОАК, КСРО және КазКСР Жоғарғы Кеңестері қабылдаған заңдар, заң күші бар нормативтік құжаттар мекемелер мен ұйымдардың мәртебелерін, құқықтары мен міндеттерін анықтауға, құрылымы мен қызметтік құзыретінің шектерін белгілеуге негіз болды. РК(б)П - БК(б)П - КОКП Орталық Комитеті мен оның Қазақстандағы комитеттерінің қаулылары мен шешімдері белгілі бір міндеттерді шешуде олардың Пленумдарының, мәжілістері мен съездерінің нұсқауларымен бірдей басшылыққа алынып, Коммунистік партияның билігін жан-жақты нығайтуды мақсат етті. Ірі саяси-шаруашылық қайта құруларды және іс-шараларды (мысалға, жер-су реформалары, байларды тәркілеу т.б.) жүзеге асырар алдында биліктің барлық үш тармағының - БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің, Қазақ Орталық Атқару комитетінің (ҚазОАК) және республика Халық Комиссарлары Кеңесінің (кейіннен - Қазақстан Компартиясы OK, КазКСР Жоғарғы Кеңесі және Министрлер Кеңесі) біріккен қаулылары қабылданды. Орталық билік пен басқару органдарының ресми құжаттарынан кейін кәсіподақтардың, комсомолдың, бүкілқазақстандық «ерікті қоғамдық ұйымдардың» басшылығының қабылдаған қаулылары деректемелердің екінші үлкен тобын құрады.

«Қазақстан тарихы» академиялық басылымының бүкіл тарихында алғаш рет жеке адамдар қалдырған деректер - мұрағаттық жеке істер материалдары, анықтамалар, хаттар, өтініш-арыздар, мемуарлар, естеліктер және басқалар кеңінен қолданыс тапты. Ғылыми айналымға алғаш рет енгізілген, оның ішінде бұрынғы жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталған тұлғалар туралы материалдар сөзсіз қызығушылық тудырады. Мұрағаттық қорлардан алынған деректердің көрсеткеніндей, егер елдің жоғары басшылығының нұсқау құжаттары төменгі органдарға өзгеріссіз жетіп отырған болса, ал төменнен жоғарыға жолданған құжаттар формасы мен мазмұны жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған.

Жергілікті ұйымдардан басшы партиялық-кеңестік органдарға жіберілген кұжаттардың басым бөлігі әр денгейдегі басқару аппараттарында биліктің қалауынша қайтадан «өңделді», соның салдарынан онда берілген деректер мен оқиғалардың мазмұны өзгеріп, басқаша бағаланды. Шаруашылық пен мекеме және ұйымдардың жұмысы туралы ақпараттар мен есептер уездік (кейіннен аудандық, округтік) басшылық аппаратында сұрыпталып, жүйеленді, қажетінше тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Уездерден түскен құжаттар губерниялық (облыстық) денгейде партиялық тұрғыда қатаң тексеріліп, жинақталды. Құжаттарға қатысты мұндай айла-әрекет басшылықтың ең жоғарғы органдарында - республикалық партия, кеңес органдарында және Қазақстан үкіметінде жүзеге асырылды. Бұл әрекеттер саяси конъюнктураның айтуымен жасалды. Тарихи деректеме болуға тиісті құжаттарда көптеген өмір шындықтары көрініс таппады, олар социалистік және коммунистік «еңбек майданынан» жолданған бір сарынды асыра орындау секілді мәлімдемелерге ұқсады. Қағаз беттерінде сан мәрте тексерілген, Коммунистік партияның басшылық қызметін көрсетуге барынша тиімді деректер ғана қалдырылды. Және осыған орай «мәңгілікке сақтау» мұрағаттарының қорларына Компартия басшылығын, оның тек алдыға және биікке қарай қадам басқан жасампаздық ісін куәландыруға оңтайлы саяси мәнді құжаттар алынды. Партия идеологиясы мен саясатына кайшы келетін куәліктер мұрағаттарда сақтауға қабылданбады, ал сирек жағдайда қабылданған мұндай құжаттарға «Кұпия» белгісі соғылып, олар жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталды. Сөйтіп тарихи маңызды құжаттардың ауқымды бөлігі қоғамнан және коммунистердің өздерінен де жасырын ұсталды.

Мұрағаттық сақтауларға негізінен орыс тіліндегі құжаттар қабылданды. Мәселен, бұрынғы республикалық партиялық мұрағатта — Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының Партиялық мұрағат қорларында қазақ тіліндегі құжаттардын үлесі 3-5%-дан асқан жоқ.

Қазақстан тарихы бойынша деректемелердің ендігі бір үлкен тобы кеңестік кезеңнің баспасөз жарияланымдарынан тұрады. Қазақстанда 20-жылдары жарық көрген алғашқы құжаттық-деректі басылымдар РК(б)П Жарғысы, бағдарламалық құжаттары, жекелеген нұсқаулары, Кеңес үкіметінің декреттері болды. Орыс және қазақ тілдерінде басылған, үгіт-насихат мақсатында тұрғындар арасында кеңінен таратылған бұл кітаптар мен кітапшалар мұрағаттар мен кітапханалар қорларынан да мол орын алды. Қазіргі кезде зерттеушілер неғұрлым жиі кездесетін, социалистік жаңғырту барысында басшылыққа алынған материалдар жарияланатын баспасөз басылымдарын, атап айтқанда, РК(б)П Кыробкомы мен БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бекіткен қаулыларды, нұсқауларды, ережелерді, партия съездері, конференциялары мен пленумдар шешімдерін <ref>Mieezkowski Z The 1962-1963 reforms in Soviet economic regionalization // Slavic Review. 1965. Vol. XXIV. No. 3. P. 479-496; Bott L. Recent trends in the economy of Central Asian Review. 1965. Vol. XIII. No. 3; Katkov V. Soviet economy. 1940-1965. Baltimore, 1967; Kommunismus ohne Zukunft. 1962.</ref>/ жиі пайдаланады. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощекиннің <ref>Olcott M.B. The Kazakhs. Pp. 242, 225.</ref>. және оның ізбасарларының сөздері мен баяндамаларының жинақтары жиі және үлкен таралыммен басылып отырды. Қазақ АКСР-і Кеңестерінін съездері мен Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) сессияларының стенограммаларында, қабылдаған қаулы-қарарларында құнды мәліметтер кездеседі. Одан кейінгі жылдары нұсқаулық сипаттағы құжаттарға қосымша ретінде заң жинақтары, ақпараттық-анықтамалық, статистикалық және талдау тұрғысындағы материалдар кең көлемде жарияланып отырды. Кеңестік кезеңдегі тарихи құжаттардың алғашқы жинақтарының жарық көруі Тұрар Рысқұловтын есімімен байланысты. Т. Рысқұлов дайындаған «Түркістандағы РК(б)П мүсбюросы» (Ташкент, 1922), «Революция және Түркістанның байырғы тұрғындары» (Ташкент, 1925) жинақтарындағы деректердің басым көпшілігі Қазақстанның оңтүстігіндегі тарихи оқиғаларға <ref>ClearyJ. W. The virgin lands // Survey. 1956. No. 56. p. 95-105; Stevenson Л.Е. Erlends and enemies. N.Y., 1959; Schiller O. Neuordnung des sowjetischen Erfassungssystems fiir Agrarerzeugnisse 11 Osteuropa. 1958. H. 10; Ranch G. Geschichteder bolschewistischen Russland. Wiesbaden, 1956; Findeisen К The Colonization of Kazakhstan // The East Turkic Review. Munchen, 1958. No. 1. P. 16-25.</ref>. арналған. Кітаптарда суреттелген оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардын өздері жинаған құжаттар мен материалдар, салыстырмалы түрде объективті ақпарат береді және сондықтан да бұл жинақтар кеңес кезеңіндегі отандық деректанудың бүкіл барысындағы құнды дүниелер болып табылады.

Қазақ тіліндегі алғашқы археографиялық басылым 1925 жылы Орынборда жарық көрді. Ол «Қазақ зиялы қауымының бірінші Құрылтай жиналысы» деп аталды және 1924 жылдың 12-18 маусымында өткен аталмыш Құрылтайдын стенографиялық есебі ретінде шықты.<ref>Foreign Affairs. 1973. No. 1. P. 65.</ref>. Осы кітаптың арқасында, бүгінгі оқырмандар А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтын, X. Досмұхамедовтің, Е. Омаровтың, Н. Төрекұловтың, И. Арабаевтын, М. Мурзиннің және басқалардың ұлттық мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен өнердің даму жолдары, қазақ тілі, оқу-ағарту бағдарламалары мен оқулықтар жөніндегі көзқарастарын түпнұсқалық деректерден оқып зерттеуге мүмкіндік алды.

Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғак кешу» романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. Сәкен Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген.<ref>Goldman M. USSR in crisis: The failure of an economic system. N.Y., 1983; Wilhelm. The Soviet Union has an administered, not a planned, economy // Soviet Studies. 1985. Vol. XXXVII. No. 1. p. 118-130; Hosking D. A History of the Soviet Union. L„ 1985. p. 375—385; Hill R.J. The Soviet Union: politics, economics and society. From Lenin to Gorbachev. L„ 1985.</ref>. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, Сәкен Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады.

Осы жылдары қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының тарихы, атап айтқанда, Алаш қозғалысы жайындағы алғашқы басылымдар, оның ішінде құжатты-деректі жинақтар жарық көрді. 1927 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (Казкрайком) саяси тапсырысы бойынша А.П. Бочагов жинаған құжаттар кешені идеологиялық тұрғыдан жарамсыз деп танылды. Ол кездегі алға қойылған саяси міндет бойынша, Қазақстандағы Компартияның басты қарсыласы Алаш қозғалысының толық талқандалғанына куәлік ететін нақты деректерді тандап алу керек болатын.

Алашорда мен «Алаш» партиясынын құжаттарын жариялай отырып, А. Бочагов қажетті деректерді таңдап ала алмады, оларға тиісінше талдау жүргізіп, таптық баға беруде осалдық танытты. Мұны Н. Мартыненко да орындай алмады, оның «Алашорда» жинағы (1929), республиканың идеологиялық басшылығының көзқарасы бойынша, Алаш идеяларын сынаудың орнына оны көбірек насихаттаған болып шықты.<ref>After Breznew. Sources of Soviet Conduct in 1980's / Byrnes R.F. (ed.). Bloomington, 1983; Bialer S. Socialist Stagnation and Communist Encirclement // The Soviet Union in the 1980's. N.Y. 1984: Gleason A. Totalitarianism in 1984 // The Russian Review. сәуір 1984. p. 145-159.</ref>.

Кейіннен, 1935 жылы бұл жағымсыз оқиға, С. Брайнин мен Ш. Шафироның «Алашорда тарихының очерктері» кітабынын жарық көруіне байланысты тағы да қайталанды. 1935 жылғы 15 сәуірдегі БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюросы, олардың өз кітаптарына қосымша ретінде енгізген құжаттары «объективті түрде контрреволюциялық алашордалық ұлтшылдық идеологияның насихаты» болып шыққан деп тапты <ref>Maurel C. Territoire et strategies sovietique. P., 1982; Mellor R. The Soviet Union and its Geographical Problems. L., 1982; Karklins R. Ethnic relations in the USSR. The Perspective from below. Boston, 1986; McCauley A. Religion, Nationalism and Economic Development in Soviet Asia. Colcheter, 1988; Milan H. Central Asia Geopolitics in the Last Hundred Years: A critical Survey from Gorchakov to Gorbachev // Centra! Asia Survey, 1989. Vol. 8. No. 1. p. 1-19.</ref>. және кітапты айналымнан алып тастау, ал авторлар мен баспагерлерді қатаң жазалау туралы шешім қабылдады. Бұл Коммунистік партия идеологтерінің Алаштың талқандалуын құжаттық-дерек жинақтар арқылы негіздеуге тырысқан соңғы әрекеті болды. Бұдан кейінгі кеңестік кезеңде тек жекелеген құжаттарды және олардың үзінділерін, міндетті түрде берілетін таптық сипаттагы түсініктемемен бірге жариялау жолымен Алаш қозғалысына қара күйе жағылып отырды.

Жоғарыда аталған құжаттык-деректі үш жинақтағы деректемелер 80-жылдардың соңына дейін ғылыми зерттеулерден сырт қалдырылды. Бұл кітаптардағы материалдар, әсіресе Алашорданың жетекшілері мен белсенді қызметкерлерінің, сондай-ақ «Алаш» партиясы мүшелерінің тізімі жарияланған Н. Мартыненконың жинағы өз кезінде, 1929—1931 және 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақ зиялыларының таңдаулы өкілдерін қуғындау әрекетінде НКВД үшін таптырмайтын негіз болды.<ref>Asian Affairs. ақпан 1974. p. 91.</ref>.

30-жылдары бірінші кезекте партиялық-идеологиялық мазмұндағы құжаттық жинақтар басылды.<ref>The Last Empire. Nationality and the Soviet Future / Ed. By R. Conquest. Stanford, 1986.</ref>. Алайда сол кезде, барлық археографиялық ережелер бойынша, Кеңестердің алғашқы қазақстандық съездерінің мұрағаттық материалдар жинақтарының жариялануы отандық деректанудағы елеулі түрде алға басушылықтың көрінісі болып табылды.<ref>Brzezinski Z. The Soviet Past and Future // Encounter. L., 1970. No. 3. p. 11-13; idem. Political Implications of Soviet nationality policy // Soviet Nationality Problems / Ed. By E. Allworth. N.Y., L„ 1971. p. 72-82.</ref>. Қазақстан Жазушылар одағы бірінші съезінің қазақ тіліндегі стенограммаларының жарық көруі соғысқа дейінгі жылдардағы мәдени өмірдің елеулі жетістігі еді.<ref>Brzezinski 2. Soviet politics: From the future to the past? The Dymanics of Soviet politics / Ed. By Paul Cocks, et al. Cambridge. 1976. p. 350-351.</ref>. Естеліктерді жинау мен жариялау ісін ұйымдастыруда да алға жылжу байқалды.<ref>Brzezinski Z. The Grand Failure. N.Y., 1989. p. 132.</ref>. Бұл жұмыстар кейінгі жылдары да, әсіресе әскери-патриоттық тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітапшалар <ref>Central Asian Survey. 1989. Vol. 8. No. 1. P. 90.</ref>. басылып шыққан Отан соғысы жылдарында жалғасын тапты.

Соғыстан кейінгі жылдары құжаттық-деректі басылымдар тақырып жағынан айтарлықтай кеңейе түсті. Бірінші кезекте 1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы мүмкін болған барлық деректерді мақсатты түрде іздеу және жүйелеу жұмыстары басталды. Мұрағатшылармен және тарихшылармен бірлікте тер төге жасалған жұмыстардың нәтижесінде, өздерінің шығу тегі жағынан әр алуан дерек көздерге - мұрағат құжаттарына, майдан мен тылдан жолданған хаттарға, мерзімді басылымдар материалдарына, естеліктерге және басқаларға негізделген жинақтар жарық көрді.<ref>Kerblay В., Lavigne M. Les Sovietiques des annees 80. 2-е edition. P., 1987. P. 180; Halbach U. Perestrojka und Nationalitatenproblematik: der Schock von Alma-Ata und Moskaus gespanntes Verhaltnis zu Mittelasien. Ko'n, 1987; Scharff R. Nationals Unruhe in Mittelasien. Zu den Auschreitungen in Alma-Ata // Osteuropa. 1987. H. 6. S. 289; Wimbush S.E. The Alma-Ata Riots 11 Encounter. 1987. Vol. 69. No. 1. p. 62-68; Olcott M.B. The Kazakhs. P. 258.</ref>. Соғыстың соңында КСРО-ның жоғары ерекшелік белгілерімен марапатталған жауынгерлер туралы алғаш рет жиналған мәліметтері бар «Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары» жинағы басылып шықты.

Тарихи құжаттарды жариялау ісінде қалыптасқан дәстүрге сай, қоғамды социалистік қайта құрудағы КОКП мен Қазақстан Компартиясының жетекшілік рөлін насихаттауға басты назар аударылды.<ref>d'Encausse H.C. Victorieuse Russie. Paris, 1992. P. 91.</ref>. Қазақстанның тарихи жеңістерін «Дүние жүзі пролетариатының көсемі» В.И. Лениннің есімімен байланыстырған құжаттар мен естеліктердің үлкен кешені жарық көрді.<ref>Stoking E. Eine Weltmacht zerbricht Nationalitaten und Regionen in der UdSSR. Frankfurt / M., 1990. Nahaylo В.. Swobodka V. Soviet disunion. A History of the nationality problem in the USSR. L., 1990; Simon G. Die Natinalbewegungen und das Ende des Sowjetsystems // Osteuropa. 1991. Vo. 41. S. 774-790; Olcott M.B. The Soviet disunion // Foreign Plicy. 1991. P. I 19.</ref>.

Кеңестік кезеңде Қазан социалистік революциясының тарихы туралы, оның ішінде деректанушылық тұрғыдағы жарияланымдар бірінші кезекке қойылды. Сондықтан тарихи құжаттарды жариялаушы қазақстандықтар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап коммунистік жүйенің соңғы күндеріне дейінгі тақырып ауқымын қамтыды. Ол кезде аса өзекті деп саналған бұл тақырыптағы құжаттық жинақтар адамдар санасында Қазақстанда жүргізіліп отырған лениндік ұлт саясатының әділдігі және Қазақстанның мемлекеттік құрылымы халықтардың өз тағдырын өзі шешу және өзін-өзі билеу құқықтарына толық жауап беретіндігі туралы сенімді орнықтыруы тиіс болды.<ref>Moty A.J. (ed.). The end of Sovietology: From Soviet studies to post-Soviet studies // The Post-Soviet nations. Perspectives on the demise of the USSR. N.Y., 1992. P. 302-316.</ref>. Осындай тұрғыдан іріктелген құжаттар мемлекеттік құрылыстың барлық салаларындағы бұрын болып көрмеген жетістіктер мен женістердің, индустрияны дамытудағы табыстардың,<ref>Central Asia and the World: Kazakhstan, Uzbekistan, Tajikistan, Kyrgyzstan and Turkmenistan / Ed. By Michael Mandelbaum. N.Y., 1994. P. 131.</ref>. ауыл шаруашылығын реформалаудың,<ref>Кар.: Centra! Asia in the 1990s: An Annotated bibliography of books and pamphlets by journalists, politicians, scholars and other / Prep. By Ed. Allworth // Central Asian Monitor. Vermont, 1997. No. 2. Pp. 35-36; 1995. Nc5; 1996. No. 2, 3.</ref>. мәдени төңкерісті жүзеге асырудың <ref>Goble P. Central Asia from political block // Report on the USSR. N.Y., 1990. Vool. 2. No. 28. pp. 18-20; Olcott M.B. Central Asian post-empire politics // Orbis. 1992. P. 253—268; idem. Central Asian's new states: Independence, foreign policy and regional security. Washington, J^96; Ferdinand P. Russia and Russians after Communism // The World Today. 1992. Vol. 48. No. 2; Klotzlii S. The Water and soil crisis in Central Asia: a source of future conflicts // Swiss peace foundation. Berne. Accasional paper. 1994. No. 1. P. 75; Bremmer L, Welt C. Kazakhstan's Quandary // Journal of Democracy. Washington, 1995. Vol. 6. No. 3. P. 139-163; Gleason G. The Central Asian states: Discovering independence. Boulder, 1997.</ref>. көрнекі негіздемесі ретінде пайдаланылуы қажет болды. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі жөніндегі мұрағаттық құжаттар жинағы жарық көрді.<ref>Fourniau V. Histoire de l'Asie Centrale. Paris, 1994; Wolfe! R.L. The forced migration of exiles in Stalin's Soviet Union, paper presented at the 95,h Annual meeting of the Association of American Geographers. Honolulu, 1999; Roy O. L'Asie centrale contemporaine. Paris. 2001.</ref>.

Қазақстандық кеңес тарихының жеке тұлғалар жөніндегі алғашқы басылымдары қатарында А.В. Затаевич, Ә. Жангелдин және А. Имановтың құжаттар мен материалдар жинақтары <ref>Алпысбаева H. Материалы фонда Совета Народных Комиссаров КАССР как исторический источник в изучении социально-экономических процессов в Казахстане (1925-1933 жж.). Канд. диссертация. А., 2002, 40-41-6.</ref>. жарияланды. Олардан кейін іле-шала революционерлер және Коммунистік партияның қайраткерлері туралы бірқатар құжаттық жарияланымдар басылды.<ref>Отчет 111 Всекиргизской конференции РКП (6). Оренбург, 1923; РКП (6) Қазақстан аймақтық партия комитетінің IV конференциясының қаулы және қарарлары. 11- 16 май 1924 ж. Орынбор, 1924; Стенографический отчет и резолюции V Всеказахской конференции РКП(б). 1—7 желтоқсан 1925 г. Қзыл-Орда, 1925; Россиялық коммунист (большевик) партиясының V жалпы Қазақстан конференциясы (стенограмма есебі мен қаулылар). 1-7 желтоқсан 1925 ж. Қызылорда, 1925; Шестая всеказахская конференция ВКП (б). 15—23 қараша 1927 г. Стеногр. отчет. Қзыл-Орда, 1927; Внутрипартийные вопросы на 3-м пленуме Казахского Крайкома ВКП (б). Кзыл-Орда, 1928; Сборник важнейших решений Казахского Краевого комитета ВКП(б), принятых за период V—VI Всеказахских конференций. Қзыл-Орда, 1927; Директивы партии и правительства КССР по коренизации аппарата. Қзыл-Орда, 1927; Кеңсе жұмысын қазақтандыру туралы. Жетекші кеңселерді қазақтандыру туралы елкелік партия комитетінің нұсқауы мен үкіметтін қаулылары. Қызылорда, 1927 т.б.</ref>. Мұндай жинақтарды шығару үшін Қазақстан КП ОК-ның келісімі алынды. Сондықтан 80-жылдары тек Т. Рысқұлов пен А. Иманов туралы деректер ғана жарияланды.<ref>Директивы и постановления ЦИК, СНК и СТО КирАССР (14 қазан 1920 г. - сәуір 1921 г.). Оренбург, 1921; Собрание узаконений и распоряжений рабочего и крестьянского правительства КССР. Оренбург, 1921-1924; Стенографический отчет съезда Советов Киргизской Социалистической Республики (4—10 қазан 1921 г.). Оренбург, 1921; Бюллетень III Всекиргизского съезда Советов, №№1—9. Оренбург, 1922; Стенографический отчет IV Всекиргизского съезда Советов (5-10 қаңтар 1924 г.). Оренбург, 1924; Бюллетень V Всекиргизского съезда Советов. Ак-Мечеть, 1925; Первое Всеказахское совещание по советскому строительству. Стеногр. отчет и постановления. Кзыл-Орда, 1925; Вторая сессия Казахского Центрального Исполнительного Комитета Советов 5-го созыва. Стеногр. отчет. Кзыл-Орда, 1925; Шестой Всеказахский съезд Советов и I сессия КазЦИК 6-го созыва. Стеногр. отчет. Кзыл-Орда, 1927; Материалы к отчету ЦИК КАССР на III сессий ВЦИК 13-го созыва. Кзыл-Орда, 1928; VII Всеказахский съезд Советов. 8-15 сәуір 1929 г. (Стеногр. отчет и постановления). Кзыл-Орда, 1929; Собрание узаконений и распоряжений рабоче-крестьянского правительства Казахской АССР. Кзыл-Орда, 1925-1929.</ref>.

50-жылдардың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиетінің ақталған классиктері Сәкен Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров және басқалардың отызыншы жылдары тыйым салынған шығармаларынын жарық көруімен қатар, қазақстандық «формасы жағынан ұлттық, мазмұны жөнінен сониалистік» мәдениеттің дамуы туралы деректер де жариялана бастады. «Сониалистік жаңару» шараларына қатысушылардың естеліктерін ғылыми мақсатқа пайдалану отандық деректанудың маңызды бөлігі ретінде саналды.<ref>Мусбюро РКП (б) в Туркестане. С введением тов. Рыскулова. 1, 2, 3 туркестанские краевые конференции РК (б). 1919—1920 жж. Ташкент, 1920; Рыскулов Т. Революция и коренное население Туркестана. Сборник главнейших статей, докладов, речей и тезисов. Ташкент, 1925.</ref>.

Қоғамдық-саяси сипаттағы естеліктермен бірге, өткен жылдардың рухани өмірінің шынайы суретін бейнелеуге көмектесетін, мәдениет қайраткерлерінің естеліктері де көптеп жариялана бастады.<ref>Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі. Орынбор, 1925. (В 2005 г. текст сборника был переложен профессором Ш. Курманбайулы на кириллицу и переиздан).</ref>. Қазақстандық тарих ғылымының артта қалушылығы мен деректік негізінің зиян шеккендігі әсіресе Сталиннің жеке басына табыну әшкереленгеннен кейін айқын болды. Тарихи зерттеулердің деректік негізінің әлсіздігі 1957 жылдың 5-11 мамырында Алматыда өткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ғылым академияларының біріккен ғылыми сессиясында атап көрсетілді. Деректердің жеткіліксіз пайдаланылуы салдарынан кеңес жылдарындағы Қазақстан мен Орта Азия республикалары тарихы оның алдындағы кезеңдердегі тарихқа қарағанда әлдеқайда нашар зерттелгендігі атап өтілді. Тарихшылар жергілікті материалдарды назардан тыс қалдырып, негізінен басқарушы органдардың құжаттарын пайдаланды.<ref>Сейфуллин С. Тар жол, тайгак кешу. Историко-мемуарный роман. 4-е издание. А., 1977, 6-6.</ref>.

Коммунистік партияның ақпараттық кеңістікке толық билік жүргізуі тұтастай алғанда Қазақстан тарихының деректік негізіне орасан зор зиян келтірді. Коммунистік партия тарихи ақпараттың барлық дерек көздерін өзінің қатаң бақылауына алып, оны пайдалану мен жариялауды барынша шектеді. Осындай саясаттың салдарынан халық өмірінің өзекті проблемалары және ұлттық сана мен дәстүр жөнінде айтылатын деректемелер ашық жариялауға жатпайтын материалдардың қатарына қосылды.

1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері, 1931-1933 жылдардағы құрбан болғандар саны мен жаппай ашаршылық жағдайлары, саяси қуғындау мен оның құрбандары - режимнің жаппай жүргізген терроры жылдары (1937-1938) қаза тапқан «халық жаулары», халық санағының көрсеткіштері, т.б. жөніндегі материалдар бұқара көпшіліктің назарынан жасырын ұсталды. 1931—1933 жылдардағы тұрғындардың жаппай ашығуы мен қырылуы кезеңінің құжаттарында көбінше үзік мәліметтер ғана сақталған. Сол кездің жағдайын неғұрлым шынайы бейнелейтін баяндама жазбалары мен есептер ұзақ жылдар бойы құпия күйінде қалды. Тарих ғылымының деректемелік негіздерін бұлайша жасанды түрде шектеу түпнұсқа деректерге үстірт қараудың жағымсыз тәжірибесін қалыптастырып, олардың лайықты бағаланбауына алып келді.

Кеңестік кезеңде ресми басқару органдарының, әсіресе Коммунистік партия органдары құжаттарының мазмұны күдік тудырылмайтын мәселеге жатқызылды. КОКП құжаттарынан алынған мәліметтер ең дұрыс деректер деп саналды. Сондықтан қазіргі зерттеушілер үшін кеңестік кезеңдегі дереккөздердің дұрыстығына көз жеткізу мәселесі басты проблема болып отыр.

Кеңестік кезеңнің құжаттық деректемелеріне сыни талдау жасау барлық партиялық-кеңестік құжаттар республиканың шынайы өткен тарихын толық бейнелеп бере алмайтындығын көрсетті. Партиялық құжаттарға шындықты өрескел бұрмалау, жалған ақпарат беру, деректі боямалап көрсету, қосып айту, кемшіліктерді жасыру тән еді. Деректер мен оқиғалар басқарушы партия мен оның идеологиялық мақсат-мүдделеріне лайықты қалыпқа түсірілді. Жан-жақты бақылау орнатылғанына қарамастан, олардағы мәліметтер және сандық-сапалық көрсеткіштер бойынша, ресми басылымдар мен мұрағаттық деректер, статистикалық мағлұматтар т.б. арасындағы айырмашылығы жиі байқалып отырды.

Кеңестік тарих ғылымның ең осал тұстарының бірі қазақ тіліндегі деректемелердің пайдаланылмауында еді. Мәселен, коммунистердің ислам дініне қарсы күресін ең шынайы түрде көрсетуге тиіс саналған құжаттар жинағында осы мақсат үшін таңдап алынған 145 материалдың ішіндегі тек үш құжат қана қазақ тілінен аударылған болып шықты.<ref>Бочагов А. К. Алаш-Орда. Краткий исторический очерк о национально-буржуазном движении в Қазақстане периода 1917—1919 жж. Кзыл-Орда, 1927; Алаш-Орда. Сб. документов. Сост.Н. Мартыненко. Кзыл-Орда, 1929.</ref>. Ал халықтардың интернационалдық достығын насихаттауға арналған «Есею кезеңдері» (А., 1990) деп аталатын құжаттар жинағына қазақ тіліндегі небәрі 5-6 ғана дерегі шамалы дүниелер енгізілген.<ref>ҚР Президентінің мұрағаты (КР ПМ). 141-к., 1-т., 8074-іс, 190-203-6.; Правда, 13 сәуір.</ref>.

«Қазақстан тарихының» осы томының авторлары жоғарыда аталған елеулі кемістіктердің орнын толтыру бағытында көп жұмыстар тындырды. Қазіргі кезде зерттеушілер мемлекеттік тілдегі тарихи ақпараттардың жаңа деректерің тауып пайдаланады және бұрыннан белгілі материалдардың ғылыми-практикалық құндылығын жаңаша бағамдайды.

80-жылдардың екінші жартысында, КСРО-да демократиялық үрдістердің басталуымен бірге, қоғамдық күштердін қысымымен, Қазақстанда мұрағаттық құжаттарды пайдаланудағы негізсіз шектеулерді алып тастауға қатысты жұмыстар басталды. Бұрынғы қол жетпейтін құжаттар мен деректердің жариялана бастауы таяуда ғана билік құрған кеңестік шындықтың тарихи деректеріне деген аса зор қоғамдық қызығушылықтудырды. Ә. Бокейханов, А. Байтұрсынов, Ш. Кұдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, К. Кемеңгеров, С. Сәдуақасов және басқалардың саяси ақталуы жаңа серпін берді. Олардың шығармалары мен құжаттық мұраларының жариялана бастауы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге жаңа жол ашты. Ұзақ жылдар бойы құпия сақталып келген құжаттардың: арнаулы органдар үнемі толтырып, Мәскеуге жөнелтіп отыратын республикадағы қоғамдық-саяси жағдайлар туралы мәліметтердің, партиялық-кеңестік бақылау органдары материалдарының, партиялық тазалау мен жеке істер (партиялық істер, партиялық тергеу хаттамалары, пікірталас стенограммалары, хаттар т.б.) туралы ақпараттардың алғашқы жарияланымдарын жүртшылық оң қабылдады.

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезіндегі күштеп ұжымдастыру және ашаршылық жөніндегі құжаттар мен материалдар, Қазақ өлкелік комитеті мен Қазақстан Компартиясы ОК-ның 30-жылдар соңындағы жаппай саяси қуғындауға қатысты хаттары мен ресми құжаттары жеке жинақтар түрінде жарық көрді. Кеңес өкіметі кезеңінің әр жылдарында республика аумағында әрекет еткен Кеңес режиміне қарсы пиғылдағы жастар топтары мен жекелеген тұлғалар туралы мәліметтер жарияланды.<ref>Хасанаев М. Черная книга; Сафаров Г. Колониальная революция (Опыт Туркестана); Бочагов А. Алаш-Орда. А.. 1996, 265 6.</ref>. Теміртаудағы көтеріліс (1959), Целиноград пен Ерейментаудағы шерулер (1979), Алматыдағы көтеріліс (1986) туралы құпиялық белгісі алынып тасталған жекелеген құжаттар алғаш рет БАК-та жарияланды. 1991-1992 жылдары жарық көрген «Алматы, 1986 ж. Желтоқсан» жинақтарының үш басылымы объективті шындықты ресми құжаттар және наразылық шеруге қатысушылар мен куәлардың әнгімелері негізінде көрсетудің алғашқы талпынысы болды.<ref>Октябрь в Қазақстане. А-А., 1930; Седьмая Всеказахстанская конференция ВКП (б). Стеногр. отчет. А-А., 1930; Одактык Коммунист (большевик) партиясынын Қазақстандык VII конференциясы. Май-маусым, 1930 ж. Стеногр. есебі. А., 1930; Казахстанская организация ВКП (6) в решениях ее конференций и пленумов. 1920—1925 жж. Вып. ' А.-А., М., 1931; Протоколы первой областной Киргизской конференции РКП(б). U-18 маусым 1921 г. А.-А., 1935; VIII Казахстанская краевая конференция ВКП(б). Стеногр. отчет. А.-А., — М., 1935; Вторая \ киргизская областная конференция РКП(б). Протоколы. А.-А., М., 1936.</ref>. Құпияландырылған құжаттарды жариялау ісіне құқық қорғау органдарының да бірқатар қызметкерлері белсенді түрде қатысты.<ref>Тургайский областной сьезд Советов. Оренбург, 1918. Протоколы. А.-А., М., 1936; Учредительный сьезд Советов Киргизской (Казахской) АССР. 4-12 қазан 1920 г. Протоколы. А.-А., М., 1936.</ref>.

Осындай құжаттарды жария етудің, сондай-ақ Кеңес өкіметінің ұжымдастыру мен ашаршылық жылдарының ақиқатын, соғыстан кейінгі, КСРО тарағанға дейінгі кезеңдердегі Кеңес билігіне қарсылықты басып-жаныштау барысындағы кемістіктер мен қылмыстық әрекеттерді көрсететін, бұрын жабық саналған тақырыптар бойынша жекелеген деректердің жарық көруі нәтижесінде халықтың ұлттық санасы ояна бастады. 80-жылдардың соңына дейін жарық көрген құжаттық жинақтардың кеңестік қоғам тарихын тек оң мағынада, билікке тиімді жағынан ғана көрсеткеніне зерттеушілердің көзі анық жетті. Шындықты бұлайша боямалау зерттеушілер тарапынан наразылық тудырды. Оның үстіне, жарияланатын құжаттар мен материалдар, статистикалық мәліметтер мазмұны коммунистік партия идеологтері тарапынан қатаң қадағаланып отырды.

80-жылдардың соны мен 90-жылдардың басындағы кеңестік кезеңге арналған жарияланымдарда қарама-қайшылыққа жол беру үрдісі айқын байқалды. Бұл бүкілкеңестік тарихқа нақты дәлелсіз өкініш білдіру бағытындағы жарияланымдардан айқын көрінді. Бұған әсіресе журналистер, публицистер мен жазушылар бейімдік танытты. Кеңес өкіметінің теріс жақтарын ашудың қалың дүрмегінде олар тарихи оқиғаларды түпнұсқа деректемелерден тысқары, өз пайымдауларына сүйеніп үстірт бағалауға жол берді. Соның салдарынан оқырмандар қандай да бір оқиғаның деректемелік негізіндегі ғылыми талдауының орнына, уақыт пен жағдайдан тысқары алынған эмоциялық-публицистикалық туындыны оқуға мәжбүр болды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін тарихи деректемелерді ғылыми мақсатта пайдалануда түбірлі өзгерістерге негіз салынды. Тарихшылар бұрын құпия болып келген құжаттарға қол жеткізді. Орталық пен жергілікті жерлердегі бұрынғы партиялық мұрағаттар жабылды. Олардың қорлары мемлекет меншігіне өтті. Бұрынғы жабық мұрағаттар мен олардың құпия сақталған құжаттарына жол ашуда халық депутаты, академик М.К. Қозыбаевтың басшылығымен 1931-1933 жылдардағы күштеп ұжымдастыру, аштық, жаппай саяси қуғын-сүргін жағдайларын зерттеу жөнінде 1991 жылдың 8 қарашасында құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Комиссиясы үлкен жұмыстар атқарды. КазОАК мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» (1928 жылдың 27 тамызынан), «Кәмпескелеуге және аса ірі байлар мен жартылай феодалдарды жер аударуға қарсы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы» (1928 жылдың 13 қыркүйегінен), «Ауыл шаруашылығын қайта құруды одан әрі жалғастыру және бай-құлақтармен, ірі байлармен күрес шаралары туралы» (1930 жылдың 19 ақпанынан) қаулыларын және басқа да нормативті құжаттарын, сондай-ақ басқарушы органдардың шешімдерінің жүзеге асырылу барысын және олардың салдарларын зерттей келе, Комиссия салихалы ғылыми баяндама және қорытынды дайындады. Ол 1992 жылы 21 және 22 желтоқсан күндері «Егемен Қазақстан» мен «Қазақстанская правда» газеттерінде жарияланды. Комиссия, бұдан да басқа республикалық, ведомстволық және жергілікті мұрағаттардағы көпшіліктің пайдалануына берілмейтін құжаттарды, статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ режимнің қалауымен арнайы сақтауға түскен мерзімдік басылым материалдарын тиянақты тексеруден өткізді. Кең ауқымды талдау жүмысын жүргізу нәтижесінде Комиссия, КР Жоғарғы Кеңесінің алдына 1928—1932 жылдар қаулылары мен заң актілерінің тізімін, оларды пайдалануға шектеуді алып тастау ұсынысын түсірді. 1000-нан астам құжат көшірмесі Комиссия «Қорытындысына» қосымшатүрінде ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» (1992), «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» (1998 жылғы 22 желтоқсан) КР Заңдары құжаттық және басқа деректемелерді пайдаланудың қордаланған проблемаларын жаңа жағдайларға сәйкес шешуде маңызды рөл атқарды. Мұрағаттық қорларды пайдалануды демократияландыру және мұрағаттар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартудың алғашқы қадамы болып табылатын аталған заңдық актілерде зерттеушілер мен жұртшылық үшін бұрынғы қол сирек жететін немесе тіпті мүлде қол жетпейтін мұрағаттық құжаттардан шектеулерді алып тастау жөнінде бірқатар мәнді шаралар қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» (1993 жылғы 14 сәуір) Заңын іске асыру жөніндегі кең ауқымды шаралар барысында, республика мұрағаттарында ізденіс жұмыстары жүргізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына жалған қылмыстық іс қозғау негізінде заңсыз үкімдер шығарған ОГПУ-НКВД-нің «үштік» жеке істері мен «ерекше кеңесу» соттарының материалдары зерттелді. Бұл жұмысқа мұрағатшылар және тарихшы-ғалымдармен қатар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де қатысты. Олардан құрылған комиссия 5Т)-жылдары, Сталин қайтыс болғаннан кейін басталып, аяғына дейін жеткізілмеген саяси айып тағылғандарды ақтау ісін шын мәнінде аяқтап шығуға бел шешіп кірісті. Бұл жұмысты атқару мұрағат мекемелері, тарихшылар, қауіпсіздік органдарының қалтқысыз көмегі арқасында мүмкін болды.

Кейінгі жылдары Қазақстан тарихшыларының алдында бұрынғы кездері белгілі себептермен жарық көре алмаған тарихи деректерді бір жүйеге түсіру және жариялау міндеті тұрды. Қазақстан тарихының «ақтаңдақтарын» объективті түрде ашып көрсету үшін қажетті дереккөздер тапшылығы мәселесін шешуге тура келді. Тарихшылар ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды кең ауқымда және күштеп жүргізу, дәстүрлі агроқұрылымды жою, жұт жағдайы, қазақтардың ашаршылыққа ұрынуы мен үдере босуы мәселелері бойынша қосымша материалдарды іздестіріп табу жолында тер төкті. Бұл құжаттардың бір бөлігі «Қырдағы аштық» (1991), «Ашаршылық босқындары» (1996), «1931-1933 жылдардағы Қазақстанда болған күштеп ұжымдастыру және аштық» (1998) жинақтарында <ref>Қазақстан кенес жазушыларынын тұнғыш сьезі. А., 1934. Красные партизаны Кустаная. А.-А., М., 1934; Малабаев Рахметжан. Атамандар жорығында. Кызыл өскердін XVI жылдык мерекесіне тарту. Бекей губерниясында болған әлеумет соғысынан бір пьестен тарихи өмір суреттері. Катысушы карт большевик Сарыбайұлы Ғабиттін әнгімесінен алынып жазған. Ташкент. 1934: В акмолинских степях. А., 1936.</ref>. жарияланды. Солармен бір уақытта тарихшылар А. Тәкенов пен Қ.С. Қаражанов, М.К- Қойгелдиев, Ф.А. Қозыбаева және басқалар жаңа талаптарды ескере отырып, жинаған соғысқа дейінгі жылдар құжаттары жарық көрді.<ref>Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне хаты. А.: 1943; Письма с фронта. А.-А., 1944; Герои Советского Союза - казахстанцы. А.-А., 1945; Қазақстандық Совет Одағының Батырлары. А., 1945.</ref>.

Осы жылдар ішінде қазақ зиялы қауымының ірі өкілдерінің дүниетанымы мен рухани мұрасын зерттеуде айтарлықтай маңызы бар бірқатар жарияланымдар пайда болды. Мәселен, Қазақстан тарихында алғаш рет ұлт-азаттық қозғалыс тарихы дереккөздерінің көкжиегін айтарлықтай кеңейтетін Алашорда қайраткерлері шығармаларының жинақтары басылып шықты.<ref>Момышұлы Б. Офицердің күнделігі. А., 1952; Соныкі. Жауынгердін тұлғасы (Офицердін дәптерінен). А.-А., 1958; Кайсенов К. Ажал аузынан. А., 1959; Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза (1941-1945 жж.). Сб. документов и материалов. Том 1. (1941-1943 жж.). А.-А., 1964; Том II. (1944-1945 жж.). А, А., 1967; Жауынгер хаттары. А., 1968; Есімізде қанды майдан, жорықтар. А., 1968; Фронтовой привет тебе, Казахстан. А.-А., 1975; Сәлем саған майданнан Қазақстан. А., 1975; Ел мен ердің жеңісі. А., 1985; Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. А., 1991; Садықова Б. История Туркестанского легиона в документах. А., 2002.</ref>. Калың оқырман қауым Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың М. Шоқайдың және басқалардың еңбектерімен танысуға тұңғыш рет мүмкіндік алды. «Үш жүз» партиясының тағдыры туралы осы партияны құрушы К. Тоғысовтың шығармалар жинағында203 кеңінен айтылады.

Кеңестік тарихтың айрықша күрделі кезеңі 1937-1938 жылдар болып табылады. Бұл уақыт туралы шындықты қалпына келтіру үшін ғалымдардың, мрағатшылардың, республика жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет болды. Мұрағаттар мен мұражайлардан, кітапханалардан алынған, азаматтардың жеке пайымдауларынан жинақталған әр алуан дереккөздердің мол қоры игерілді. Зерттеушілер бұрын жабық болған мұрағаттарға қол жеткізіп, азаматтарды жаппай қуғын-сүргінге ұшыратудың тарихын барынша тиянақты зерделеуге мүмкіндік алды. Ғылыми мәні бар дереккөздер қоғам қайраткері С. Жандосов, академиктер М. Қозыбаев және М. Баймаханов басшылық еткен қазақстандық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы тарапынан да жинақталды. «Әділет» қоғамының облыстық бөлімшелері қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар жөнінде жергілікті дереккөздерден де көптеген мәліметтер жинады, ал бұл өз кезегінде «Қасірет кітабын» («Книга скорби») және бірқатар құжаттар мен естеліктер жинақтарын басып шығаруға септігін тигізді.

Сондай-ақ саяси қуғындауға ұшыраған «Алаш» қайраткерлері, қуғын-сүргін құрбандары, «халық жауына» жатқызылған ұлттық зиялы қауымның өкілдері туралы және партиялық-кеңестік номенклатура қызметкерлерінің, қатардағы азаматтардың жеке іс қағаздары бойынша құжаттар жинақтары басылып шықты.<ref>Коммунистическая партия Казахстана в борьбе за освоение целинных и залежных земель. Сб. документов и материалов. А.-А., 1958; Коммунистическая партия в документах и цифрах. Сб. документов и статистических материалов о росте и регулировании состава партийной организации. А.-А., 1960; Компартия Казахстана на втором этапе освоения целины. Сб. документов и материалов. А.-А., 1963; Ленинский призыв в Казахстане. Документы и материалы. А.-А., 1969; КПСС и Советское правительство о Казахстане. 1917—1977 жж. Сб. документов и материалов. А.-А., 1978; Коммунистическая партия Казахстана в резолюциях и решениях сьездов, конференций и пленумов. Том 1. 1921-1927 жж. А.-А., 1981; Том 2. 1928-1937 жж. А.-А., 1981.</ref>. Қуғын-сүргінге ұшыраған басшы қызметкерлердің, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің құжаттық мұраларын жарыққа шығаруға ерекше көңіл бөлінді.<ref>В.И. Ленин о Средней Азии и Казахстане. Ташкент, 1960; В.И. Ленин Орта Азия мен Қазақстан туралы. А., 1960; Трудящиеся Казахстана — В.И. Ленину. А.-А., 1960; Они встречались с В.И. Лениным. Воспоминания. А.-А., 1968; Ленину от всего сердца (1917-1924 жж.). А.-А., 1970; Ленинге жалынды сэлем. А., 1970; Вечно живой. А.-А., 1970; Мәнгі тірі В.И. Ленин туралы естеліктер. А., 1970; Москва. Кремль. Ленинге. 1917-1924. А., 1980; В.И. Ленин о Казахстане. А.-А., 1982.</ref>.

М. Қойгелдиев, А. Тәкенов және басқалар Ә. Бокейхановтың, М. Тынышбаевтың, С. Қожановтың, Т. Шонановтың еңбектерін басып шығарды.<ref>Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Казахстане и образование Казахской АССР. Сб. документов и материалов. А.-А., 1947; Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Казахстане. 1917—1918 жж. Сб. документов и материалов. А.-А., 1957; Образование Казахской АССР. Сб. документов и материалов. А.-А., 1957; Советское строительство в аулах и селах Семиречья (1921 — 1925 жж.). Сб. документов и материалов. Часть 1. А.-А., 1957; Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период (1921 — 1925 жж.). Сб. документов и материалов. А.-А., 1962; Советы и ревкомы в Казахстане (Октябрь 1917-1920 жж.). Документы и материалы. А.-А., 1971; В братском единстве народов СССР. (Государственное строительство Советского Казахстана). 1920—1937 жж. Документы и материалы. А.-А., 1972; 1917 год в Казахстане. Документы и материалы. А.-А., 1977.</ref>. Жарияланған мұрағаттық құжаттар көрнекті мемлекет және Қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мүшелерінің өмірбаяндарын барынша толық қалпына келтіруге, олардың өмірі мен қызметінің айтулы сәттерін нақтылауға мүмкіндік береді.<ref>Социалистическое становление нефтяной Эмбы. Сб. документов и материалов. А.-А., 1965; История индустриализации Казахской ССР. Документы и материалы. В 2-х томах. Том 1 (1926-1962 жж.). А.-А., 1967; Том 2 (1933-маусым 1941 жж.). А.-А., 1967; Медный гигаіЛ- на Балхаше. Сб. документов и материалов. В 2-х томах. Том 1 (1929-1952 жж.). А.-А., 1977; Том 2 (қазан 1952-январь 1976 жж.). А.-А., 1981; Рудный Алтай. Индустриальное развитие Восточного Казахстана (1920-1945 жж.). Сб. документов и материалов. В 2-х томах. Том 1. А.-А., 1985.</ref>. М. Дулатов, Н. Құлжанова және басқалар туралы естеліктер мен құжатты-деректі басылымдар жарық көрді.<ref>Коллективизация сельского хозяйства Казахстана. (1926—1941 жж.). Документы и материалы. Части I и II. А.-А., 1967; Кооперативно-колхозное строительство в Казахстане (1917-1927 жж.). Документы и материалы. А.-А., 1988.</ref>. Сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшырағандар мен АЛЖИР-лік тұтқын әйелдер отбасы мүшелерінің құжаттары мен естеліктері жарияланды.<ref>Культурное строительство в Казахстане. Сб. документов и материалов. В 2-х томах. Том 1 (1918-1932 жж.). А.-А., 1965; Том 2 (1933 - маусым 1941 жж.). А.-А., 1985.</ref>.

Жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қолдауы жағдайында, 90-жылдары республиканың барлық облыстарында көп томдық «Боздақтар» («Книга памяти») кітаптары шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына ұрпақтар тағзымы болып табылатын бұл басылым олардың есімдерін тарих бетінде мүмкіндігінше толық қалдырудың тамаша талпынысы болды. Кейінгі жылдары әскери-тарихи тақырыпқа жазылған басқа да құжатты басылымдар жарық көрді.<ref>Рождение комсомола Семиречья (1918-1920 жж.). Сб. документов, материалов и воспоминаний. Часть 1. А.-А., 1958; Движение за коммунистический труд в Казахстане (1958-1967 жж.). Документы и материалы. А.-А., 1969; Женщины Казахстана – активные строители социализма (1918-1945). Сб. документов и материалов. А.-А., 1981; Профсоюзы Казахстана — помощники партии в осуществлении экономической программы КПСС. А.-А., 1982; Красный Первомай в Казахстане (1901-1945 жж.). А.-А., 1989.</ref>.

Тарихшылар мен мұрағатшылардың тізе қосып еңбектенуі нәтижесінде Қазақстан мәдениетінің көп тер төгілген даму жолы туралы сыр шертетін құжаттар мен материалдар жинақтары дайындалды.<ref>Затаевич А.В.. Исследования. Воспоминания. Письма и документы. А.-А., 1958; Алиби Джангильдин. Документы и материалы. А.-А., 1961 (казакша аудармасы - А., 1975); Амангельды Иманов. Статьи. Документы. Материалы. А.-А., 1974 (қазақшасы — А., 1975).</ref>. М.О. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына әзірлік пен оны өткізу кезеңінде жаңа құжаттық деректердің тұтас бірқатары жарыққа шықты.<ref>Шишкин 3., Мергеншин Д. Токаш Бокин. А., 1967; Кыдырбекулы Б. Ораз Жандосов. А., 1967; Жүнісов М., Өтепов 111. Кайсар Тәштитов. А., 1968; Тибекин П. Ілияс Қабылов. А., 1968; Сулейменов Р. Темирбек Жургенов. А., 1969; Отебаев В. Сабыр Шарипов. А., 1970; Чеботарев В. Иван Ружейников. А.-А., 1971: Джунусов М. Федор Рузаев. А.-А.; 1972; Бейсембаев С., Кульбаев С. Турар Рыскулов. А.-А., 1974 және т.б.</ref>. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті К. И. Сәтбаевтың 100 жылдығына орай басылған материалдар республикадағы ғылым мен ғылымтанудың даму тарихы жөніндегі деректемелер ретінде ерекше құндылыкка ие болды.<ref>Рыскулов Т.Р. Избранные труды. А.-А., 1984; Батырдын биік тұлғасы. А., 1986.</ref>.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстан тарихы бойынша орыс, қытай, араб және басқа да деректемелік материалдары бар көптомдықтар шығару қолға алынды.<ref>Ғани Мүратбаев. Өмір мен кызметі. Есте калғандар. А., 1957; В огне революции. Воспоминания участников Великой Октябрьской социалистической революции и гражданской войны в Казахстане. А.-А., 1957. (Казакша аудармасы - Революция от-жалынында. А., 1959); Казахстан в огне гражданской войны. Воспоминания участников Великой Октябрьской революции и гражданской войны в Казахстане. А.-А., 1960 (Казакшасы - Қазақстан Азамат согысынын от-жалынында. А., 1960); Чурин X, Сэрссков Ж. Күрес күндерінде. А., 1960; Сериков М.К. Боевые годы. Воспоминания. А.-А., 1960; За власть Советов. Сборник статей и воспоминаний о борьбе за установление и упрочение Советской власти в Семипалатинской области. Семипалатинск, 1961; Годы мужания. Воспоминания участников социалистического строительства в Казахстане. А.-А., 1969; Бочагов А.К. У истоков. Воспоминания. А.-А., 1971; Чурин X. Дауылды жылдар. А., 1971; Ипмагамбетов 3. Жайыктын сол жак бетінде. А., 1973; Харченко Г.Т. 399 дней и ночей в огненном кольце. А.-А., 1984 т.б.</ref>. 2004 жылы «Қазығұрт» баспасы Сәкен Сейфуллиннің атақты «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарын алғаш басылған жылындағы (1927) мәтінін қалпына келтіріп жарыққа шығарды. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары мен ҚР Президенті мұрағатының қызметкерлері «Алаш қозғалысы» көптомдық құжатты жинағының бастапқы үш томын дайындады. Бұл томдарға XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс, қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі жайлы баға жетпес сирек қазыналар енді.<ref>Шолпан Иманбаева. Шығармалар және естеліктер. А., 1950; Академик К.И. Сәтбаев. Естеліктер мен мақалалар. А., 1965; Қызыл сұңқар (Сәкен Сейфуллин туралы естеліктер). А., 1970; Мұхтар Ауэзов в воспоминаниях современников. А.-А., 1972; Арыстанов Ж. Естен кетпес есімдер. А., 1972; Біздің Мұхтар (М.О. Әуезов туралы естеліктер). А., 1976; Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. Естеліктер мен толғаныстар. А., 1976; Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді (Естеліктер мен шежіре әңгімелер). А., 1979; Иманжанов М. Өркен. Мақалалар, хаттар, естеліктер. А., 1980; Әбілев Д. Ой толғау. Естеліктер. А., 1981; Кәдімгі Сәбит Мүканов. А., 1984; Кенжебаев Б. Жылдар жемісі: әдеби мақалалар мен естеліктер. А., 1984; Ахметова 3. Шуақты күндер. Естелік. А., 1984; Ахмедов Ғ. Ескі достар. Әңгімелер мен естеліктер. А., 1986; Қызыл дәптер. Деректі әңгімелер, очерктер, естеліктер. А., 1989; Дастан ата. Жамбыл туралы естеліктер. А., 1989; Дөнентаев С. Үрпағыма айтарым. А., 1989; Би аға. Бейімбет Майлин туралы естеліктер. А., 1991; Зауал. Мақалалар, естеліктер. А., 1991 және басқалар.</ref>. Аталған басылымның материалдары көптеген іргелі ғылыми зерттеулерге сенімді деректемелік негіз бола алады.

Зерттеулерде бұрын кеңес дәуірі тарихын зерделеудің негізіне алынған деректемелердің мазмұны жаңа көзқарастар тұрғысынан бағаланады. Кеңестік кезеңдер тарихын зерттеуге қатысты жаңа ізденістерден деректемелерді пайдалану жөніндегі бұрынғы тұғырнамалық ұстанымдар алынып тасталыпты. Оларды іріктеудегі әсіре талғампаздыктан бас тартып, зерттеушілер бұрын субъективті мәселелер ретінде назарға алынбаған төменгі билік ұйымдарының қызметі, жергілікті орындардың нақты жағдайлары, жеке адамдар мен тұлғалардың берген куәліктері тәрізді деректемелерге көбірек көңіл бөле бастады.

Ғалымдар М. Бурабаев, К. Нүрпейісов, М. Тәтімов, Д. Махат өздерінің кітаптарында қосымша ретінде тарихи мәні маңызды құжаттар мен материалдардың тұтас бірқатарын жариялады.<ref>Материалы объединенной научной сессии, посвященной истории Средней Азии и Казахстана (эпоха социализма). А.-А., 1958; 219, 226, 243, 425-6.</ref>. Зерттеулерге мұрағаттық құжаттардың толық мәтіндерін енгізу тәжірибесі, әсіресе жеке тұлғаларға қатысты жиі қолданыс тапты.<ref>Преодолевая религиозное влияние ислама. Сб. документов и материалов. А.-А., 1990.</ref>. Д. Аманжолованың ғылыми айналымға Ресей мұрағаттарынан алынған, мазмұны жөнінен сирек кездесетін деректерді енгізуі ғалымның айтарлықтай табысы болып табылады.<ref>Вехи консолидации. Из опыта партийных организаций Казахстана в решении национального вопроса в 1917—1927 жж. Сб. документов и материалов. А.-А., 1990.</ref>. О. Қоңыратбаев ізденістері барысында Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы жаңа материалдар тапты.<ref>Хасанаев М. Желтоқсан оқиғасы: себеп пен салдар // Егемен Қазақстан. 2001, 11 желтоқсан.</ref>. Ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің 1926 жылғы 12-14 карашада Мәскеуде өткен дербес Кеңес деп аталатын басқосуы стенограммасынын толық мәтінің М. Қазыбек пен Г. Маймақов алғаш рет қазақ тілінде жариялады.<ref>Алматы. 1986. Желтоқсан. Айгак-кітап. Бірінші-үшінші кітап. А., 1991-1992 ж. Омаров М. Расстрелянная степь. История адаевского восстания 1931 ж. По материалам ОГПУ. А.-А., 1994; Омаров М., Сариев /. Ойрандалған Адай даласы. А., 1995; Какенов А. Сәкен шындығын діттегенде, немесе НКВД құжаттары шерткен сыр. Ақмола, 1996; Бәкірулы В. Мүстафа Шоқай. (Деректі хикаят). А., 1997.</ref>.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында тарихи деректемелердің маңызды құрамды бөлігі болып табылатын көптеген естеліктер басылып шықты. Олар: мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылар мен өнер қайраткерлерінің естеліктері болып үлкен үш топқа бөлінеді. Бұл әдебиеттерден, уақыт куәгері ретінде республиканың саяси өмірі туралы айтылатын О. Жандосовтың, Ж. Шаяхметовтің, Н. Ондасыновтың, сондай-ақ Д. Қонаевтың, I. Омаровтың және басқалардың естеліктерін <ref>Языковая политика в Казахстане (1921 — 1990 жж.). Сб. документов. А., 1997; Мамания. Тарихи деректер, естеліктер, өлеңдер, құжаттар, пікірлер. А., 1999; Стенограммы дискуссии по книге Е. Бекмаханова «Казахстан в 20—30-е годы XIX века». А., 2000; Шапагатты шырак. Тарихи деректер, естеліктер, құжаттар, пікірлер. А., 2002; Жәдігер. А., 2004.</ref>. атауға болады. Ғалымдардың ғылыми-педагогикалық қызметі,<ref>М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. А., 1997; М. Әуезов туралы естеліктер. А., 1997; Әуезов және архив. А., 1997; Әкімов Т. Даналық мәйегі. М. Әуезов туралы деректер. А., 1997; Нұрғалиев Р. Әуезов және Алаш. А., 1997; М. Әуезовтің қолжазба мұрасы. А., 1997: Жұртбаев Т. Бесігінді түзе. А., 1997; Соныкі. Талқы. А., 1997.</ref>. әдебиетпен өнер қайраткерлерінің шығармашылық және қоғамдық жұмысы <ref>Заңғар. Қ. Сәтбаев туралы естеліктер. А., 1999; Академик К.И. Сәтбаев жерлестері алдында. Павлодар, 1999. Государственная программа «Культурное наследие» в области истории и этнографии осуществляется Институтом истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, Институтом востоковедения им. Р.Б. Сулейменова, Национальной библиотекой РК и др. учреждениями.</ref>. туралы баяндалатын естеліктер олардың авторлары өмір сүріп, жұмыс істеген уакыттың жағдайын жаңаша ой сорабынан өткізуге көмектеседі.

Кеңестік кезең тарихы деректемелерінің арасында мерзімді баспасөз материалдарының да алатын орны үлкен. Осы томның деректері қатарында «Қазақстан тарихының» академиялық басылымдарында бұрын назарға алынбаған газет, журнал материалдары пайдаланылды. 1917-1940 жылдардағы мерзімді баспасөздің, негізінен бұрын ғылыми айналымға енбеген материалдарын осы қатарға жатқызуға болады. Отандық тарихтың деректемелік негізін кеңейту ісіне құжатты деректер жарияланып тұратын «Қазақ тарихы» (1993 жылдан шыға бастады), «Отан тарихы — Отечественная история» (1998), «Жас Түркістан» (1998), «Ақиқат», «Мысль» журналдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының мерзімді ғылыми басылымдары өз үлестерін қосты. Бұл жарияланымдардың ғылыми-танымдық мәні назар аударарлық.

Осының барлығы отандық тарих бойыншаоқулықтар мен хрестоматиялардың жаңа буынын шығаруға мүмкіндік тудырды. Мектеп оқулықтары партия съездерінің бір сарынды құжаттарынан тазартылды. Соңғы жылдары халықтардың Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы туралы мұрағаттық құжаттар жинақтары жарық көрді. Ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарында Қазақстан туралы мәліметтері бар шетелдік құжатты-деректік жаңа басылымдарды кеңінен пайдаланатын болды.<ref>Бурабаев М. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 жж. А.-А., 1991; Тәтімов М. Қазақ өлемі. А., 1993. 130-144-6.; Нурпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995. 216-254-6; Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. А., 2001, 210-293-6.</ref>.

Соңғы жылдары республика ғалымдары шет елдердің мұрағаттық қоймалары мен кітапханаларындағы деректерді жоспарлы түрде іздестіріп, пайдалануға кірісті. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеу күндері Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің Орталық Мемлекеттік мұрағатына Франциядағы М. Шоқай қорынан алынған құжаттар мен материалдарды табыс етті. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан тарихына қатысты шет елдерде сақталған деректерді іздестіру мен олардың көшірмесін алу бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілді.<ref>Ақбаев Ж. Жанша. Күнбатыс Алашорданың төрағасы Ж. Досмұхамедұлы туралы тарихи әңгіме. Орал, 1994; Маханұлы Ә. Тарихи тұлғалар. Бегайдар Аралбаев. А., 1996; Құл-Мухаммед М. Алаш ардагері Ж. Акбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары. А., 1996; Тайшыбаев 3., Дулатбеков Н. Жакып Ақбаев. (Күрескерлік өмірбаяны). А., 1997; Шуақаев М, Шаяхметов А. Елім деп өткен Елдес. А., 1998;</ref>. Бұл іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасын тапты. Отандық тарих жөніндегі материалдарды іздестіру мен жинау және олардың деректемелік негіздерін толықтыру ісіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету өз жемісін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 қаулысымен Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекетгік мекемесі шаңырақ көтерді. Алматы қаласында оның бөлімшесі ашылды.<ref>Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М, 1994.</ref>.

XX ғасырда тарихи деректерді зерттеу мен пайдалану жөнінен тарихшылардың, мұрағатшылардың, қоғамтанушылар мен гуманитарлық ғалымдардың біріккен бай тәжірибесі жинақталды. Соңғы онжылдықтарда Қазақстанда тарихи деректерге қатысты білімнің жаңа салалары — мұрағаттану, деректану, археография, құжаттану ісі жолға қойылды. Мұрағат қорларын қалыптастыру мен оларды ғылыми-танымдық мақсаттарда пайдалану ісінде он өзгерістер көрініс тапты. Осының бәрі тарихи деректердің ғылым мен рухани құндылықтардың ерекше маңызды саласы ретіндегі мәнінің өсуіне қызмет етеді.Қ<ref>азақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4</ref>

Дереккөздер

<references/>