Кестежусан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кестежусан (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарында кең тараған. Еуразия мен Солтүстік Африкада кездесетін 100-ге жуық түрі белгілі Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, шалғындарда, орманды жерлер мен бұталар арасында өсетін 19 түрі бар. Биіктігі 3 – 100 см, тік сабақты өсімдіктер. Жиегі тілімденген, кейде тұтас табақты жапырақтары кезектесіп келеді. Себет гүлдері жеке немесе шоғырланып (2 – 40) қалқаншалы немесе сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Гүлтұғыры дөңес кейде тегіс, жалаң болады. Тілше тәрізді гүлдерінің желегі ақ, қызғылт, ал түтікше гүлдерінің күлтелері сары түсті келеді. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары ұзынша келген, сырты жалаң болады. Кестежусанның кейбір түрлерінен (мысалы, қызғылт Кестежусан немесе парсы түймедағы, тағы басқа) адам мен жануарлар паразитіне қарсы қолданылатын инсектицидті зат – пиретрин алынады. Кестежусанның гүлдері әдемі болғандықтан, көбінесе әсемдік үшін өсіріледі. Кестежусанның реликті түрі – Келлер кестежусаны қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кестежусан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}