Келлер кестежусаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Келлер кестежусаны (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, кестежусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Келлер кестежусаны дүние жүзінде Азутау жотасында (Шығыс Қазақстан облысы) ғана кездеседі. Биіктігі 40 – 70 см-дей, жатаған, бұтақтанған тамырынан өте көп вегетативті бұтақтар өсіп шығады. Сабағы қарапайым немесе аздап жоғары жағында бұтақтанған. Жапырақтары қалың болғандықтан сұрғылт жібек сияқты болып көрінеді, сабақ бойындағылары – қауырсынды тілімденген жапырақ тақташаларынан тұрады. Вегетативті бұтақтарының жапырақтары қарапайым, пішіні домалақ, ромб тәрізді жапырақ тақтасынан құралады, сағағы ұзын болады. Түтік тәрізді гүлдері қос жынысты, шеткі аналық гүлдері ақ күлтелі, ортаңғы бөлігі сары түсті. Олар қалқаншалы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – өте көп, сұр түсті, қырлы тұқымша. Оның айдаршасы болмайды, сондықтан өсімдік піскен кезде тұқымдары өсімдіктің жанына төгіліп қалады. Сәндік өсімдік ретінде Алматы, Қарағанды және Риддер қалаларындағы ботаникалық бақтарда қолдан өсіріледі.

Бұл түр Алтайда өте сирек кездесетін эндемик өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол қолда жақсы өседі (вегетативті түрде көбейеді).Декоративтік өсімдік ретінде үлкен қызығушылық туғызады. Өсе келе топырақ бетіп көкшіл жапырақ шоқтарымен толық жабады, қыс мезгіліне дейін жас күйінде сақталады.<ref>”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>, <ref>"Қазақстанның өсімдіктер әлемі" энциклопедиясы. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Келлер кестежусаны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}