Кесар тілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кесар тілігі немесе Кесар кесуі (латынша sectio caesarea - кесу, жару) - іштегі баланы, мал төлін құрсақты, жатырды жарып шығарып алу.

Жүкті әйелдің жамбас қуысы тар болса, қынабына не жамбас сүйегінің құрылысы өзгерсе, бала жолдасы жатырға жабысып қалса, жатыр қабынып ісінсе, әдеттегідей босана алмайды. Мұндай жағдайда, кесар кесуі қолданылады. Түрлі себептен жатырда өлген баланы да осылай шығарып алады. Кесар кесуі асыл тұқымды мал төлін аман алып қалуға да қолданылады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>