Кенорындарының суының химиялық құрамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геолог-мұнайшылар мүнай және газ кенорындарындағы жерасты суын, оның динамикалық режимі мен химиялық құрамын ұдайы зерттейді. Бір ескеретіні, аталған кенорындардың суы жоғары минералдылығымен сипатталады. Құрамы бойынша бұл су көбінесехлоридті-кальцийлі (хлор-кальцийлі), кейде карбонатты-натрийлі типке жатады. Оның құрамында жоғары мөлшерде йод, бром иондары болады, көбінесе онда күкіртсутек кездеседі. Мұнай кенорындарының суына тэн ерекшелікке сульфаттардың болмауы немесе өте аз мөлшерде кездесуі және нафтен қышқылдары тұздарының болуы жатады. Органикалық көміртектің болуы тотықсыздандырғыш химиялық жағдай туындатып, сульфаттардың тотықсыздануына мұнадай сұлба бойынша экеледі: MeSOj + 2С = MeS + 2C02 мұнда Me - металдар; С - органикалық көміртек (мұнай, битум, газ).Реакция металға байланысты түрлі қосылыстар жаралуына әкеледі. Мәселен, натрий сульфаты тотықсызданған кезде Na2S04 + 2С + Н20 = Na2S04 + H2S + C02 яғни суда еритін Na2C03 содасы жаралып, қабат суының сілтілілігін арттырады. Кальций сульфаты тотықсызданған кезде CaS04 + 2С + Н20 = СаС03 + H2S + СО2 яғни суда ерімейтін СаС03 жаралады, ол түнба түрінде отырады да контур маңы белдемінде таужыныстың жинауыштық қасиеттерін нашарлатады. Бірақ кез келген жағдайда күкіртсутек бөлініп шығады. Ол кейін әртүрлі оксидтермен әрекеттеседі де пирит, халькопирит пен сульфид тобының басқа минералдарын жасайды.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}