Хлоридті су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хлоридті су — аниондардың ішінен хлорион басым болып келетін табиғи су.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref> Хлоридті сулар - химиялық құрамында хлоридті иондар басым болатын табиғи сулар. Бұлар ең алдымен Дүниежүзілік мұхит, теңіздер, көлтабандар сулары. Көптеген материктік көлдердің сулары, шөлдер мен шөлейттердегі барынша минералданған жер асты сулары осындай. Табиғи сулардағы хлоридтердің бастапқы негіздері магмалық жыныстар болып табылады, бұл жыныстардың құрамында хлорлы минералдар, тұзды шөгінділер, негізінен галит болады. Табиғи суларға хлоридтердің едәуір мөлшері атмосфера арқылы, сортаң топырақтардан, жанартаулық шығарындылардан, сондай- ақ өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ақаба сулардан түседі. Хлоридтер жақсы еритіндіктен және су организмдерінің тұтынуына келмейтіңдіктен олардың миграциялық қасиеттері көп. Өзен суларында және тұщы көлдердің суында хлоридті иондардың концентрациясы бір текше дециметрде миллиграмның үлестерінен ондаған және жүздеген миллиграмға дейінгі аралықта болады. Теңіз және жер асты суларында олар едәуір көп, осының әсерінен қанық ерітінділер болуы мүмкін. Хлоридті сулардың құрамында натрий хлориді басым, ал кальций мен магний хлориді қанық ертнділерде ғана болады. Кей уақытта кездесетін тұщы Х.с., әдетте, гидрохимиялық ауытқу деп қарастырылады және шығу тегін бір мәнде түсіндіруге келе бермейді. Суы хлоридтік класқа жататын өзендер өте сирек, олар дала және шөлейт өңірлерде болады. Бұл өзендердің суының минералдануы 1 г/л- ден жоғары. Табиғи суларда хлоридтердің көп болуынан олардың дәмдік сапалары нашарлайды, ауыз су ретінде пайдалануға жарай қоймайды, көптеген техникалық және шаруашылық мақсаттарға, сондай- ақ жер суармалау тұрғысында шектеулі шамада ғана пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub