Келес өңірі ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Келес өңірі ескерткіштері - ежелгі тайпалардан қалған ескерткіштер. Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Келес өзенінің оң және сол жақ жағалауларында ежелгі тас дәуірінен орта ғасырларға дейінгі мерзімде өмір сүрген алғашқы адамдар мен тайпалардың тіршілік үшін жасаған құрал-сайман, қару-жарақ, мекенжайларын білдіреді. Бұлар осы өңірлерде, әсіресе, Қазығұрт тауының бөктері мен Келес даласында көптеп кездеседі. 1973 - 74 жылдары тас дәуірінің ескерткіштерін археолог Х.Алпысбаев зерттеген. Ол қасиетті Қазығүрттың бөктері мен Өтем, Қаржантау тауларынан, Жалпақсу I, ІІ, ІІІ, Қияқты, Су-сіңген, Жалғызарша жерлерінен көне тас дәуірлерінің тұрақты мекен-жайларын тапқан. Сондай-ақ, 1948 - 58 жылдары Г.В. Григорьев, А.Н. Бернштам, Г.И. Пацевич, А.Т. Максимовалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, б.з.б. 3-6 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың обаларын, 9 -12 ғасырлардағы тарихи тұрғындарды тұрақты мекенжайларын зерттеғен. Ал 1990 жылдан бастап Д.Тәлеев каңлы дәуірінен орта ғасырдың орта кезі (10 - 12 ғ.) мен соңғы кезеңінің археол. ескерткіштерін ғылыми айналымға енгізді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}