Кейуана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кейуана. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде кейуана жасы үлғайған, ақниет әйел; кәрі, қарт мағыналарында көрінеді. «Үстін-үстін күрсініп алған кейуананық әлсіз үні қалтырап шықты» (Ж. Еділбаев. Тергеуші.). «Кейуана» тұлғасын көрсетілген мағынада басқа түркі сондай-ақ араб, парсы тілдерінен кездестіре алмадық. Алайда, осыған негіз, төркін боларлық сөзді моңғол тобындағы тілдерден ұшыратамыз. Моңғол тілінің өзінде хэзээний — көптен бергі, ежелгі (Мон.-Қаз. сөз., 1954, 310), Қалмақ тілінде кезәнә — әлдеқашан, бұрыннан (Рус.-кал. сл., 1964, 127) деген мағыналарға нұсқайды. 6 131 Егер осы деректерге табан тіресек, «кейуана» сөзінің төркініне, тарихына жорамал айту қиынға соқпайды. Бізде бұл сөз көбіне адаммен байланысты қолданылатындығы жоғарыда келтірілген мысалдан белгілі. Көп жасаған адам өзінен кейінгі жастарға ежелден, әлдеқашаннан келе жатқан сияқты болып көрінуі заңды жағдай. Моңғол тілдеріндегі, әсіресе, қалмақ тіліндегі «кезәнә» сөзі қазақтарға ауысып, кейін келе төл сөзіндей қалыптасқан деу шындықтан алыс кетпейтін тәрізді. Сондай-ақ, оның дыбыстық өзгеріске ұшырауы да тіл заңдылығына қайшы келмейді. Өйткені, басқа тілден ауысқан сөз былай тұрсын, түркі тілдерінің өзінде де т ~ з ~ й дыбыстарының езара сәйкестеніп қолданыла беретіні белгілі нәрсе (якутша — атах, хакасша — азах, қазақша — аяқ). Дәл осы жолмен «кезәнә» сөзі қазақ тіліне ауысқаннан кейін «кейәнә» қалпына түскен де, одан әрі «кейуәнә», «кейуана» күйінде айтылу дағдыға айналған деуге болады. Көрсетілген сөз үнемі жасы ұлғайған адамға айтылатындықтан оған «қарт», «ана», «ата»- сияқты сездердің қосарлануын артық көрген деп білеміз. Сөйтіп, «кейуана» дегенде, «ежелден, әлдеқашаннан келе жатқан», «көпті керген адамды» ұғынатынымыз дағдыға айналған.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}