Кезең (Мұнай және газ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кезең

Тарихи геологияда: Жер планетасы дамуының және ондағы тіршілік эволюциясының біршама ірі де нақтылы мерізіміне сәйкес келетін бірегей жержылнамалық (геотарихи) шкала бірлігі; геологиялық эраның құрам бөлігі болып табылады, жекелеген геологиялық жүйенің түзіліп үлгеру уақытына сәйкес келеді. Геологиялық К. ұзақтығы әдетте ондаған миллион жылдармен өлшенеді (шамамен 1-2 млн жылдан аспайтын төрттік кезеңнен өзгесі), әрбір K. екі немесе үш геологиялық дәуірге жіктеледі.

Геологиялық процестердің кезеңділігі

Жер тарихындағы температура ауытқулары, планетаның тектоникалық дамуы, вулканизм мен магматизм, шөгінділену, рудалану, көміржиналу, тұзжиналу т.с.с геологиялық процестер кезеңділігі. Бұл кезенділіктер жинақтала келіп геоморфологиялық процестердің кезеңділігін туындатады, ал ол, өз кезегінде, эрозиялық айналымдылықты, мұзбасу, трансгрессия және регрессия ырғаұтылықтарын туындатады. Г.П.К. өзінің ұзақтығы тұрғысынан түрліше болуы ықтимал, яғни мұндай кезеңділіктер тәуліктермен, жылдармен, жүздеген жылдармен, мыңдаған жылдармен, жүздеген мың жылдармен, миллиондаған жылдармен өлшенуі мүмкін. Аталған процестер кезеңділігінің туындауына көбінесе ғарыштық фактоларлар себепші.

Шөгінденудегі кезеңділік

тау жынысы қатқабаттарының титпсірының қимасында петрографиялық немесе литологиялық құрамы жағынанан аттас немесе ұқсас тау жынысытардың бірнеше рет қайталануы. Мұндай кезеңділіктің типтері және олардың қалыптасу себептері сан алуан. Солардың бірі ретінде түзілімденудің маусымдық өзгермелілігін атауға болады. Мұндай өзгермеліліктің мәні — әр түрлі маусым кезеңдерінде сол маусымға тән түзілімдердің ғана қалыптасуы, осылайша түзілген тау жынысытар қабатында нақтылы қабатшалардың заңды түрде алмасып отыруы. Маусымды кезеңділіктің жарқын мысалы — таспалы саздардың қалыптасуы. Флишті формация түзілуі да,сайып келгенде, Ш.К. нәтижесі, себебі флишті формация қимасындағы әрбір ырғақ арнаулы түзілімдену процесінің мезгіл-мезгіл қайталанып отыруымен сипатталатын нақтылы кезеңінің нәтижесі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}