Кезеген жүйке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кезеген жүйке (Үлгі:Lang-la. nervus —жүйке, vagus — кезеген) — ми жүйкелерінің X- жұбы, аралас жүйке. Құрамында жүйке талшықтарының үш түрі болады. Олар: афферентік, эфферентік парасимпатикалық және эфферентік симпатикалық.

Афферентік (орталыққа тепкіш) жүйке талшықтары ас қорыту (жұтқыншақтан бастап), тыныс алу (көмекейден бастап) жүйелерінің кілегейлі қабықтарынан, қалқанша және айырша (тимус) бездерден басталады. Олар кезеген жүйкенің жолында орналасқан проксимальды және дистальды жүйке түйіндерінің нейроцитгері өсінділерінен құралады. Афференттік жүйке талшықтары сопақша ми ядросында аяқталады.

Эфференттік (орталықтан тепкіш) парасимпатикалық талшықтар кезеген жүйкенің дорсальды қозғалтқыш ядросынан бастап, көкірек және құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді жүйкелендіреді. Эфференттік симпатикалық жүйке талшықтары мойынның краниальды жүйке түйінінің нейроциттері аксондарынан түзілген. Кезеген жүйке симпатикалық жүйке бағанымен бірігіп, кезегенсимпатикалық (вагосимпатикус) бағанын түзеді. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Кезеген нерв


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кезеген жүйке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}