Каспий маңы мұнайгазды провинциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каспий маңы мұнайгазды провинциясы - Орыс платформасының оңтүстік-шығысында орналасқан, оның мейлінше ойыс бөлігі; шығысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауларының қатпарлы қабаттарымен шектеледі, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Онтүстік Ембі палеозойлық көмілген көтерілім мен Солтүстік Каспий қайраңының бел-белесті құрылымдары орналасқұн, батысында және солтүстігінде палеозойлық түзілімдер мен кембрийге дейін қалыптасқан кристалдық іргетастардагы тік құлайтын тектоникалық кертпештер шектейді. Провинция ауқымында мұнайдың алғашқы бұрнағы 1899 жылы қарашүңгіл деген жерден алынған. Ойыс құрылым құрайтын бұл провинцияның жалпы ауданы шамамен 500 мың км² шамасында, ендігі мен бойлығы бойынша орташа мөлшері 850-550 км. Ойысты көмкерген іиегінділердің көлемі 4 млн км3 шамасында, онын 60 пайыздын палеозойлық, 30 пайыздын мезозойлық, 10%-ын кайнозойлық түзілімдер құрайды. Платформаның кристалдық іргетасы кембрийге дейін қалыптаскан тау жынысытардан құралған. Іргетас жабынының терең орналасқан нүттесіне шейінгі қашықтың 15-16 км шамасында. Палеозойлық тау жынысытардың ен үлкен қалындығы 13 KM-TQ жетеді, мезозойлық тау жынысытардың бұл көрсеткіші 4,5 км, кайнозойлық түзілімдер қалыңдығы 3,5 км. Ойыстың иіөгінді тысы қимасында бірнеше стратиграфыялық және бұрыштық үйлесімсіздік деңгейлері көрініс береді (девон мен карбонның, пермъ мен карбонның аралықтарында. жоғарғы пермь мен триас аралығында, бор түзілімдері қимасының әр түрлі деңгейлерінде). Шөгінді тыс қимасының 90%-ы теңіздік түзілімдерден тұрады. олардың ішіндегі карбонатты тау жынысытардың өзіндік үлесі 20-25%. Сөз болып отырған провинция қимасында екі құрылымдық қабат дараланады, олар кунгур жікқабатының тұзды кешені арқылы шектелген тұзасты құрылымдық қабаттары. Басты-басты үйлесімсіздіктер мен өзге де өзіндік белгілері тұрғысынан бірнеше құрылымдық жікқабаттар дараланады, олар: девон-турне. визе-гжель, тұзасты төменгі пермь, тұзды төменгі пермь, жоғарғы пермь құрылымдық жікқабаттары (бұлар палеозой түзілімдерінде); триас-палеоген. неоген-төрттік құрылымдық жікқабаттары (бұлар тұзүсті мезозой-кайнозой түзілімдерінде). Геологиялық қиманың девонға дейінгі көнеліктегі яки терен орналасқан тау жынысыардан тұратын деңгейлері әлі де жете зерттелмеген. Ойыс табақша тәрізді пішінді иемденген, оның солтүстік және батыс жиектері біршама тік құлайды; ойыстың орта тұсына қарай еңістену пішіні баспалдақтарды еске салады, олардың көрініс беруі терең жарылымдармен тікелей байланысты. Ойыс құрылымның күрделілігі мен әртектілігі "блоктық тектоника" әсерінен туындайды, бұл орайда Пачелм, Новоалексей, Оңтүстік Ембі авлакогендері сиякты іргетастың түсіңкі өңірлері аймақты ірі-ірі блоктарға дараласа, іргетастын Астрахань-Ақтөбе көтерілімі ойысты жиекгей сағаланады. Осының нәтижесінде ойыстың шөгінді тысы қабатында екінші дәрежелі құрылымдар қалыптасқан. олар жоғары көтерілген немесе төмен лықсыған ірі-ірі бел-белесті және дөңес көтерілімдер мен оларды бір-бірінен ажырататын ойысымдар (мөлшері 100-150x200-250 км) түрінде ошарылады. Жергілікті құрылымдар сан түрлі болып келеді. Мәселен, тұзасты палеозойлық түзілімдер өңірінде дөңесті (блокты) көтерілімдер, жанамалау құрылымдары, брахиантиклындердің және бел-белес тәрізді көтерілімдердің шеткі белдемдерге жапсарлас өрілген тізбектері ұшырасады. Олардың мөлшерлері 10-15 км-ден 30-40 KM-TQ дейін жетеді, ауданы 2500 км²-ТЪ дейін, амплитудасы 40-50 м-ден 1000 M-TQ дейін, тіпті бұдан да ұзынырақ. Жоғары пермдік, мезозойлықжәне кайнозойлық тұзүсті түзілімдері өңірнде тұз күмбездері кең дамыған, олардың қарапайым түрлері де, ауданы 1000-1500 км²-ге жететін алып күмбездер де кездеседі. Тұзкүмбезді құрылымдардың ойыс ауқымындағы жалпы саны 1700-ден астам. Тұзасты палеозойлық түзілімдердегі флюидтердің тірегі рөлін атқаратын ең басты аймақтық деңгей — табанында сульфатты-терригендік тау жынысытар қабаты көрініс беретін кунгурдың тұзды кешені. Бұл кешен бүкіл Каспий маңы ойысы ауқымында жаппай таралған. Жекелеген аудандарда белдемдік және жергілікті жатқыш рөлін тула горызонтының саздары, оқ горизонтының әктастары мен миттері, долмиттері, верей горизонтының сазды-карбонатты тау жынысытары атқарады. Тұзүсті түзілімдеріндегі флюидтердің тірегі рөлін жоғарғы пермь және триас шөгінділерінің сазды-әксазды қабаттары, ортаңғы юраның сазды көмірлі қабаттары, неоком, апт, альб саздары атқарады. Каспий маңы ойысы ауқымында палеозойлық тұзасты түзілімдері қимасынан 30 кенорыны табылған. <ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>


тау жынысытар

 {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}