Кариоплазма
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кариоплазма (ядро сөлі) (Үлгі:Lang-el — ядро, plasma — плазма) - жасуша ядросы құрылымдарының аралықтарындагы бірыңгай келген ядроның қоймалжың сұйық бөлігі. Жасуша цитоплазмасынан ядро қабықшасы — кариолемма арқылы оқшауланып бөлініп тұрады. Ядро сөлінің құрамында күрделі протеиндер — нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, ядро тіршілігіне қажет энергия алмасуын реттейтін ферменттермен қатар, нуклеин қышқылдарының, протеиндердің және т.б. заттардың түзілуіне керекті әртүрлі қосылыстар болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>