Ядро қабықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ядро қабықшасы (ядерная оболочка, кариолемма); (nucleomembrana, karyolemma, грек, karyon — ядро, lemma — қабықша) ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы сыртқы және ішкі жарғақ тан және олардың аралығындағы жарғақаралық (перинуклеарлық) кеңістіктен тұрады. Ядро қабықшасында көптеген ұсақ тесіктер (поралар) болады. Олардың саны жасушадағы түзіліс (синтез) процестерінің белсеңділігіне байланысты. Түзіліс процесі күшейген сайын, тесіктер саны да көбейеді. Ядро Қабықшасының тесіктері арқылы жасуша цитоплазмасы мен ядро аралығында зат алмасу процесі (протеиндер, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су, әртүрлі иондар) үздіксіз жүріп отырады. Ядро қабықшасы тесіктер арқылы цитоплазмалық тормен, одан әрі жасушаны қоршаған сыртқы ортамен жалғасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ядро қабықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}