Каналдың тұнбалануы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Каналдың тұнбалануы— ағынды судың құрамындағы тасындылар мен жүзінді топырақ тұнбаларының канал табанына шөгіп-жиналу процесі. Негізінен өзеннің су жинау алабындағы жер қыртысының морфологиялық жағдайына байланысты көбінесе ирригациялык каналдардағы тасындылар мен шөгінділер суармалы жер танабын құнарландырады. Энергетикалык және ауыз су үшін пайдаланатын каналдарда арнаулы тұндырғыштар қолданылады. Ондағы судың мөлдірлігі мемлекеттік стандарттар бойьшша анықталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>