Камал Сәруарұлы Ормантаев
Үлгі:Ғалым Камал Сәруарұлы Ормантаев (11 қыркүйек 1936 жылы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Октьябр ауылында туған) — қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақ КСРның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1980). Қызылорда облысының Құрметті азаматы. ҚР Денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999).
Толығырақ
- Камал Сәруарұлы 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Октьябр ауылында дүниеге келген.
- 1959 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (бұрынғы Алматы ММУ) бітірген.
- 1963 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде ассистент, кафедра меңгерушісі,
- 1980-1985 және 1993-2001 ж. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болды.
Ғылыми шығармашылығы
Негізгі ғылыми еңбектері балалар хирургиясына арналған. К.Ормантаев балалардың бассүйегі мен миы зақымданғанда қолданылатын емдеу әдістерін жетілдіріп, оның патогенезін анықтауда кешенді зерттеулер жүргізді; бассүйек пен миға жасалатын операцияның бес жаңа әдісін тәжірибеге енгізді. Химиялық жолмен болатын өңеш күйігін зерттеп және оны емдеудің алты жаңа әдісін анықтады, сондай-ақ іріңді перитонит пен жедел гематогенді остеомиелит болған жағдайда іріңді іш қуысынан түтік арқылы шығарудың бірнеше тәсілін ұсынды. Ол Қазақстанда педиаторлардың, балалар хирургтарының, анестезиолог-реаниматологтарының, ортопед-травматологтарының ғылыми мектебінің негізін қалады.
- Бүгінгі таңда Қаз ГМУ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі болып істейді. 40-тан астам авторлық куәлігі және 1 патенті бар. Жыл дәрігері номинациясы бойынша "Алтын адам" (2000,2001) сыйлықтарын алған
Ғылыми атақтары
- 1971 жылы Медицина ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
- 1972 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
- 1994 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Мемлекеттік марапаттары
- 1980 жылы ебасының жарлығымен «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері» құрметті атағы берілді;
- 1999 жылы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
- 1999 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды;
- 1999 жылы Қызылорда облысының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
- 2002 жылы «Алтын адам» Ұлттық жыл таңдауы сыйлығы;
- 2004 жылы екінші мәрте «Алтын адам» Ұлттық жыл таңдауы сыйлығы;
- 2004 жылы «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты;
- Медицина ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақстан дәрігерлері
- Қазақстан хирургтары
- Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері
- Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігерлері