Ишкент мешіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ишкент мешіті – 19 ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау ауданындағы Ишкент қаласының аумағында орналасқан. Арқалықты аражабыны бар күйдірілген кірпіштен салынған. Батыс қасбетіндегі бір қатарлы айваны (шырақ бөлме) қираған. Шығыс қасбетіндегі тоғыз бағаналы айван периметрі шикі кірпіштен тұрғызылған. Ишкент мешіті төртбұрышты қысқы мешіт залынан тұрады. Оңтүстік-батыс қабырғасының ортасында михраб орны бар. Михрабтың айналасындағы қабырғалар беті тікбұрышты және төртбұрышты жиектермен өрнектелген, ішкі беті жазулармен көмкерілген. Қабырғаның төменгі жағы қырма техникасы бойынша жасалған ою-өрнекпен безендірілген. Едені төртбұрышты күйдірілген кірпіштен төселген. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references /> «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub