Ит жүгірту

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ит жүгірту – қазақ халқының дәстүрлі аңшылық кәсібінің бір түрі. Арнайы үйретілген иттерді (тазыны) аң ұстауға баулып аңға шығаратын болған. Ғұн дәуірінде кәсіп түрі болған ит жүгірту кейін келе көңіл көтеру, спорт түріне айналған. Қазақ даласында ит жүгіртумен, көбінесе, серілер айналысқан. Сондай-ақ, бұл кәсіпті кәнігі аңшылар күнкөріс арқауы еткен. Аңға (сонарға) топ-тобымен аңшылар шыққанда тазы аң ізін шалып, үркітіп береді, артынан иттерді жіберіп қиқулап дем беріп отырады. Аң ұстайтын иттер үшін ондаған жылқы беріп “қарғыбауын” төлеп, қалап алатындар болған. Тазы тұқымды иттердің тұмсығы үшкір, аяқтары сидаң әрі жіңішке, тұрқы ұзын, қимылы шапшаң келеді. Қазақы тазы тұқымы Қарқаралы өңірінде кездескен.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub