Исраил Сапарбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Исраил Сапарбай (15.5.1941 жылы туған, Өзбекстан, Самарқанд облысы Кушрабад ауданы) – ақын. Шымкент педогогикалық институтының филология факултетін бітірген соң бірнеше жыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1975). 1976 – 83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан. 1984 – 85 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985 – 92 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары, 1997 – 98 жылдары Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері бойынша департаментінің 1-хатшысы, 1998 – 99 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінде 2-хатшы қызметтерін атқарды. Алғаш бір топ өлеңдері «Көктем тынысы» ұжымдық жинағында жарық көрді (1975). Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйл., Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Өмірбаян

  • 1941 жылы 15 мамырда Өзбек КСР-нің Самарқанд облысындағы Кушрабад ауданында туған. Шым-кент педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген соң, бірнеше жыл Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.
  • 1973—1975 жылдары Алматы Жоғары партия мектебін бітірді.
  • 1976—1983 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарыл, 1983 жылы «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан.
  • 1984 — 1985 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі
  • 1985 — 1992 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан соң «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары
  • 1997 — 1998 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша Департаментінің I хатшысы
  • 1998 — 1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшіліғінде ІІ хатшы қызметтерін атқарды. Алғаш бір топ өлеңдері 1975 жылы « Көктем тынысы» ұжымдық жинағын-да жарық көрді. Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сығай серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр.

Түркі поэзиясві халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушы-лар одағының I.Жансүгіров атындағы сыйлығының, Тәуелсіз «Пла-тиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.

Шығармалары

<p style="text-indent: 25px;">Аққу арман. А., «Жалын», 1976; Раушан ғұмыр», А., «Жалын», 1978; Бозқараған. А., «Жалын», 1980; Қызыл-жасыл дүние. А., «Жалын», 1984; Жүрегіме ұя салған қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қызыл жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998; Ғашықтың тілі. Өлеңдер, А.; Бармақтай бақ. Өлеңдер. А., «Рауан»; Махаббат пен Ғадауат. Өлеңдер. А., «Атамұра»; Тар төсекте төсіңді. А., «Дала».<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}