Имашев газ-конденсат кен орны
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Имашев газ-конденсат кен орны - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай кентінен 7 км қашықтықта орналасқан. Құрылымы 1974-1984 жылдары сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Бұрғылау жұмыстары 1985 жылы басталған.
Геологиялық құрылымы
Кен орны Астрахан дөңінің шығыс периклиналін күрделендіруші тұз астындағы көтерілімнен орын алған. Құрылымдық тұрғыдан бұл көтерілім – ортаңғы таскөмір шөгінділерінен құралған брахиантиклинальдік қатпар.
Жатыс сипаты
Қатпар ендік бағытта созылып жатыр, аумағы 7х14 км. Өнімді қабаттар 3790 м тереңдікте жатқан башқұрт ярусының әктастарында шоғырланған. Шоғырлардың жалпы қалыңдығы 276 м. Коллекторлары кеуекті және кеуекті-жарықшақты, ашық кеуектілігі 9,51%.Газға қаныққан қабаттардың қалыңдығы 34 – 58 м. Газдың тәуліктік өнімділігі 71 мың м3, конденсаттікі 30,7м3. Конденсаттың тығыздығы 0,805 – 0,807 кг/м3. Кен шоғырларындағы бастапқы қабаттық қысым 55,7 МПа , температурасы 107°С.
Құрамы
Газ құрамы: метан 75,75%, этан 3,68%, пропан 2,77%, бутан 1,82%, азот 4,95%, күкірт сутегі 15,6%, гелий 0,1%, аз мөлшерде көмір қышқыл газы бар. Кен орны толық барланып біткен жоқ.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Дереккөздер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Имашев газ-конденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}