Шортанбай (ауыл)
Үлгі:Мағына Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Шортанбай — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл. Шортанбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Ганюшкин ауылынан батысқа қарай 60 км жерде, Еділ тарамдары – Қиғаш пен Теплая өзендерінің қиылысқан жеріндегі аралда орналасқан.
Іргесі 1910 ж. қаланған. 1918 ж. мұнда балық аулау және өңдеу серіктестігі құрылып, ол 1923 ж. Волга (Еділ) – Каспий мемлекеттік балық тресінің, 1932 ж. Орал – Каспий балық кәсіпшілігінің құрамына енген. 1939 – 96 ж. Гурьев балық кәсіпшілігінің Шортанбай балық зауыты қосалқы шаруашылығының орталығы болған.
Қазір Шортанбайда балық зауыты, мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>
Халқы
Тұрғыны 1411 адам (2009).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері