Имашев Мәлік Имашұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Имашев Мәлік Имашұлы1921 жылы туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Жалпы еңбек стажы 62 жыл. Мәлік Имашұлы одақтық маңыздағы зейнеткер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қарағанды қаласының және Шет ауданының құрметті азаматы. Оның аты ҚазКСР Алтын құрмет кітабына енген. КСРО және Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, 7 кітаптың авторы.

КСРО және ҚР 6 ордені, 20 медалімен, одақтық және республикалық органдардың 10 құрмет грамотасымен, оның ішінде қазақ КСР Министрлер кеңесінің үш грамотасымен марапатталған. КСРО ХШЖК қатысушысы, СОКП XXIII съезінің делегаты, Қазақстан Компартиясының төрт съезінің, Қарағанды облысы коммунистерінің оннан астам конференциясының делегаты болып сайланды. Бірнеше дүркін – обком, обком бюросы мүшесі, КСРО профгазеттерінің XIII және XIV съездерінің делегаты, екі рет – Қазақстан кәсіподақтар комитетінің мүшесі болды.

Мәлік Имашұлы Имашев 51 жасында зейнеткерлікке шықты, алайда 72 жасына дейін еңбектен қол үзген жоқ. Баспа, полиграфия және кітап саудасы облыстық басқармасын басқарды.

Мәлік Имашұлының келуімен Қарағанды облысының полиграфия жүйесінде, қалалық, аудандық газет, кітап саудасында ірі қайта құрулар болды. Қарағандыда Одақ бойынша Ленинградтан кейінгі екінші механизацияланған кітап қоймасының салынып, қолданысқа берілгендігін, Қазақстанда тұңғыш рет кітаптарды есепке алу мен алға бастыруды есептеу техникасы енгізілгендігін айтсақ та жеткендей.

Мәлік Имашұлының кезінде еңбектің бригадалық әдісі, баспаханаларды белгілі бір баспа өнімін өндіруге мамандандыру (мәселен газет, брошюра, бланк, т.б.) енгізілді. Барлық аудандық және қалалық баспаханалар бір ірі бірлестікке біріктірілді.

Имашев алғашқылардың бірі болып полиграфиялық материалдардың бухгалтерлік есебін жүргізу, тапсырыстарды диспетчерлеу бағдарламасын жасады, фототеру, АПД-1200, материалды байланыс арқылы беруді, аудандық газеттер редакциясында алғашқы модемдерді енгізді. Ол Одақта бірінші болып полиграфия ғылыми-зерттеу институтымен осы технологияны жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасасып, компьютерлік түске бөлуді енгізді.

Мәлік Имашұлы қызмет еткен 20 жыл ішінде барлық облыстық газеттердің редакциясы мен баспаханалары кеңейтілді, қайта құрылды, жаңадан салынды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}