Иманғара мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Иманғара мұнай кен орны - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан шығысқа қарай 56 км жерде орналасқан кен орны.

Геологиялық құрылымы

Дербес үш телімге бөлінген бойлық жарықтың бұзылған жүйесіндегі брахиантиклинальды тұз күмбезді құрылым. Телімдер бір-бірінен сазды шөгінділер мен кирленген құмдар арқылы бөлінген. Бірінші телімнің пайдалы алаңы ұзындығы 420 м, ені 20 метрден 140 метрге дейін жететін тектоникалық жарылыспен екі блокқа бөлінген.

Жатыс сипаты

Пайдалы қабаттың қалыңдығы 11,5 метрден 2,5 – 25,5 метрге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Қалыңдығы 12 м-ге дейін жететін кир қабаты қабыршақты алевролит сазбен жабылып жатыр. Екінші телімнің пайдалы қабаты – көлемі шағын моноклинальды шөгінділерден, тектоникалық бұзылыстардан дербес екі блокқа бөлінген. Кир қабаты солтүстік-шығыс бағытта 240 метрге дейінгі жерде алып жатыр. Пайдалы қабат қуаты 6 метрге дейін сазбен жабылған. Кирдің табаны алевролитті, тығыз саз. Иманғара күмбездің батыс қанатында орналасқан үшінші телімдегі өнеркәсіптік кирлердің қалыңдығы мардымсыз (0,4-тен 5 метрге дейін). Битумның құрамы 4,42-ден 16,59% аралығында. Телімде кирдің 4 линзасы анықталды. Олардың ең ірісінің көлемі 0,3-тен 3,3 метрге дейін. Кен орнындағы кирдің жалпы қоры 380 мың м3.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иманғара мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}