Изосызықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Изосызықтар<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>(изо... және сызық) – белгілі бір шамалардың бірдей мәндері арқылы өтетін географиялық картадағы, графиктердегі, тік қималардағы сызықтар. Мәндеріне қарай олар бірнешеге бөлінеді. Мысалы, карталардың бетінде белгілі бір уақытта болатын қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді.

Сол сияқты карталардағы суқоймалардың (теңіз, көл, өзен, бөген, т.б.) бірдей тереңдік нүктелерін қосатын сызықтарды изобаталар десе, тәулік, ай, жыл ішінде жауатын атомсфералық жауын-шашын мөлшерінің бірдей нүктелерін қосатын сызықтарды изогиеталар, орташа бір кезеңдегі (жыл, ай) ауаның, судың және топырақтың бірдей температуралы нүктелерін қосатын сызықтарды изотермдер десе, картадағы, сұлбадағы кез келген табиғи құбылыстың (найзағай, өзеннің мұздан арылуы, т.б.) басталу уақытының бірдей нүктелерін қосатын сызықтарды изохроналар дейді. Кейде мәні бірдей, бірақ екі көрсеткіштен тұратын сызықтар да болады. Мысалы, картадағы магниттік қисаюдың сызығын және желдің бір бағыттағы нүктелерін қосатын сызықты да изогондар деп атайды.

Сонымен қатар теңіз деңгейінен біркелкі биіктіктегі нүктелерді қосатын сызықтарды изогипстер дейді.

Карта жасау мен топография өндірісінде және карта бетінде бұл сызықтар горизонталдар деп аталады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Изосызықтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

be-x-old:Ізалінія bg:Контурна линия ca:Isolínia cs:Vrstevnice da:Højdekurve de:Höhenlinie en:Contour line es:Curva de nivel et:Samakõrgusjoon fa:منحنی تراز fi:Isoviiva fr:Courbe de niveau hr:Izohipse ht:Entèval kontou hu:Szintvonal io:Izolineo it:Isoclina ja:等高線 lt:Izohipsė lv:Izolīnija ms:Kontur nl:Contourlijn nn:Kote no:Kote pl:Warstwica pt:Curva de nível ru:Изолиния sh:Izohipsa sr:Изохипса sv:Höjdkurva tr:Eşyükselti eğrisi uk:Ізогіпси zh:等高線