Изоклинальды қатпар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Isoclinal fold.JPG
Изоклинальды қатпар

Изоклинальды қатпар(изо... және klіno – еңкейтемін) — қанаттары өзара және қатпардың осьтік бетіне параллель болып келген шөгінді тау жыныстарының қатпарлар жиынтығы.

Изоклинальды қатпар қатпарлы аймақтарда бүйірлік қысым әсерінен іркілуден, ауырлық күшінің ықпалынан, шөгуден пайда болады. Көбінесе, изоклинальды қатпарды құраушы жыныс қабаттарының қатпар топсаларындағы иілулері байқалмай, моноклинальға ұқсаған параллель қабаттар түрінде болады. Мұндай жағдайда изоклинальды қатпарды картаға түсіріп, ауданның геологиялық құрылысын дұрыс анықтау үшін әр қабаттың салыстырмалы жасын дәл анықтау керек.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub