Идиосинкразия
Идиосинкразия (грек. іdіos – өзіндік және synkrasіs – араластыру) – өзінің клиникалық айқындалуы бойынша аллергияға ұқсас және тұқым қуалаушылық салдарынан кейбір тағам өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге сезімталдығы жоғары адамдарда пайда болатын организмнің реакциясы.
Идиосинкразия кезінде қан қысымы төмендейді, қан тамырлары жарылып, теріде қан дақтары пайда болады. Қанның құрамында лейкоциттер мен эритроциттердің мөлшері өзгереді. Асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Негізінен, идиосинкразияның пайда болуына адам организмінде қажетті арнайы ферменттердің жетіспеушілігі әсер етеді. Идиосинкразияны емдеу үшін организмде аллергияның өрбуіне себеп болған затты (тағам өнімі, дәрі-дәрмек) анықтап алу қажет.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>
Сілтемелер
<references/>