Қан қысымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қан қысымы — қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады.Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда ,әсіресе ,қолқада барынша жоғары болады . Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп , веналарда ,әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады .
Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді.
Ең жоғары қысым ( с.б.б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады . Ең төменгі қысым ( с.б.б 60-80 ) диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады . Лүпілдік қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығын айтамыз . Ол сынап бағанасы бойынша 40 мм - ге тең . Лүпіл сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып , оны кереді . Осы кезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады . Дене бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы , білезіктің ішкі жағы , самай , мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады . Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады . Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері , тамырдың соғуын санау арқылы анықталады .<ref>"Биология" шың 2014 жыл</ref>
Қан қысымының жоғарылауы гипертония ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қан қысымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}