Иван Александрович Карпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Александрович Карпов (1885-1960, Ресей). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы. (1955).

  • 1917 жылдан - мұнайшылар Одағының мүшесі болған.
  • 1909-1913 жылдары - Баку қаласының догында, механикалық зауытында бу, жылысу шығаратын маман.
  • 1913-1916 жылдары - Гурьев пен Астраханда осы мамандықта істеген.
  • 1916-1920 жылдары - армия қатарында әскери борышын етеген.
  • 1920-1923 жылдары - Ракуш станциясы кеніштік комитетінің төрағасы, «Ембімұнай» тресінде еңбек инспекторы.
  • 1923-1960 жылдары - Мақат, Доссор, Қосшағыл мұнай кәсіпшіліктері шаруашылық бөлігінің меңгеруші, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің қалыптық зерттеу тобының бастығы. Ленин орденімен (1952) және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}