Ибрагим
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ибрагим-Нарын құмының орта бөлігіндегі қыстау. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Көктерек ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде.Қыстау төбелі-жалды құмдардың арасында орналасқан. Шығысын үлкен аумақты сор алқабы алып жатыр. Маңында Қашар, Жаманқара, Шалабай, тағы басқа қыстаулар бар. Қыстау мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>