Нарын құмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Сурет:Ryn Desert.jpg
Нарын құмы

Нарын құмыКаспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 мың км². Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір Каспий теңізінің Хвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Неоген, пермь-триас жыныстары да кездеседі. Батпайсағыр, Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке массивтерінен тұрады. Солтүстік-шығысын Қамыс-Самар жайылмасы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қаңтар айындағы орташа темпертурасы –10,4 – 12,2 °С, шілдеде 24,9 – 25,5 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 214 – 246 мм. Қардың қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Жерге түскен ылғалдың булану мөлшері жауын-шашыннан 5 – 6 есе артық. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5 – 2 м тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұратты жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады. Еркекшөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, терек, қандыағаш, көктерек өседі. Киік, қоян, қарсақ, дала күзені, т.б. кездеседі. Нарын құмы аумағында Орда геоботаникалық қорықшасы орналасқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нарын құмы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}