Зүлфия Салахарқызы Чиншанло

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар

Сурет:Zulfiya Chinshanlo.jpg
Зүлфия Чиншанло екі дүркін әлем чемпионы

Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша<ref name='cc'/> шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер<ref name="kim" />.

Жетістіктері

Сурет:Stamps of Kazakhstan, 2013-06.jpg
Пошта маркасы, 2013 жыл

2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).<ref name="kim" />

2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әлем 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг (97+130) нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын алды.<ref name="kim" />

2012 жылы 29 шілдеде Лондонда өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары 2012-де 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты.<ref name="kim">Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

Қытай БАҚ-ры

Қытайдың Xinhua News ресми ақпараттық агенттігі мәліметтерінде «Зүлфия шын мәнісінде Қытайдың Хунан (湖南|Húnán) провинциясында туған, шын есімі Чжао Чаньлин (Жао Чаң Лиң) және орыс тіліне қарағанда қытай тілін жетік біледі» делінеді.<ref name='cc'>Үлгі:Cite web</ref> 2008 жылы Майя Манезамен бірге Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған деген ақпараттар бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылы қазанның 23-і күні қытайлық sohu.com сайтында «Қазақстанға кеткен Қытай қызы қайтып оралды және 2016 жылғы олимпиадаға Қытай атынан қатысады» деген мақала жарияланған болатын. Онда Зүлфияның Қытай азаматтығын алғаны туралы жазылған. Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілдері бұл ақпаратқа таңырқағандарын айтып, Зүлфияның Қытайға тек қыдыруға ғана кеткен және жақын арада орылуы тиіс деген мәлімдеме берді.<ref>«Чиншанло Қытайға кетіп қалды» деген хабар тарады</ref> 27-ші қазан күні Зүлфия Қытайдан Қазақстанға оралды. Оны Алматы әуежайынан жеке жаттықтырушысы Виктор Ни күтіп алды.<ref>Зүлфия Чиншанло Қытайдан оралды</ref><ref>Видео — Чиншанло журналистер сұрағына жауап бермеді</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер