Виктор Геннадьевич Ни

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Геннадьевич Ни - 1968 жылы 11 маусымда Жамбыл қаласында туған. Корей. Әкесі - Ни Геннадий Николаевич, марқұм, экономист болып жұмыс істеген. Анасы - Цхай Галина Ефремовна, зейнеткер, балабақша меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жаттықтырушылық-оқытушылық факультетін бітірген (1994), ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы.

  • 1986-1988 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1989 жылдан - Орталық әскер спорт клубының ауыр атлетика бойынша жаттықтырушысы.
  • 2005 жылдан бері - ҚР ШҰКД және Олимпиадаға дайындық орталығының ауыр атлетика бойынша жаттықтырушысы (Алматы қаласы). Әлем чемпиондары Чиншанло Зульфияны, Манеза Майяны, Подобедова Светлананы тәрбиелеп шығарған. Ауыр атлетика бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2009).

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дағдарыстан шығу, экономиканың өрлеуі, тіршілік деңгейінің артуы, спорттағы өркендеу».
Хоббиі - спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Ли Надежда Анатольевна, дизайнер. Қызы - Ни Милана Викторовна (2005 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub