Зейнолла Молдахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнолла Молдахметов (3.8.1933 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Октябрь ауылы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1989). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық иститутты және Мәскеудегі Нәзік химия технологиялар институтының аспирантурасын (1962) бітірген. 1956–75 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде, Целиноград педагогикалық институтында, Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Қазақ химия-технология институтының ректоры (1975–80), Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры (1980–88). 1991–98 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры. ҚР ҰұА Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик-хатшысы (1988–2001) болды. 1998 жылдан қазірге дейін Қазақстан-Ресей университетінің (Астана қаласы) ректоры. Ұлы зерттеулерінің негізгі бағыты органикалық молекулалардың фотохимиясы мен фотофизикасын, сондай-ақ теориялық және қолданбалы спектроскопиясын, кванттық химия және органикалық молекулалардың реакция қасиеттерін зерттеуге арналған. Молдахметов 5 монография, 6 авторлық куәлік пен патенттің авторы. “Құрмет белгісі” (1981), “Еңбек Қызыл Ту” (1986) ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шығармашылығы

  • Спектроскопия комбинационного рассеяния света, А.-А., 1981;
  • Квантовая химия алкалоидов, А.-А., 1986; Кванттық химия, А., 1997.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зейнолла Молдахметов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}