Органикалық синтез және көмір химиясы институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Органикалық синтез және көмір химиясы институты – ғылыми-зерттеу мекемесі; химия өнеркәсібінде маңызы бар органикалық заттардың, көмірдің, басқа жанғыш қоспалар химиясы мәселелерімен айналысады. 1983 жылы Қазақстан ҒА-ның Химия металлургия институтының органикалық химия бөлімі негізінде Қарағанды қаласында құрылған. 2001 жылы ЖАҚ, 2003 жылдан ЖШС болып тіркелді. Институтт құрамында 5 лаборатория (электркатализ және кванттық-химиялық зерттеулер, биологиялық белсенді заттарды синтездеу, көмір химиясы, спектроскопия, полимерлер), диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: органикалық қосылыстардың құрылысын, түзілу механизмін, реакцияға қабілеттілігін зерттеу; көмірден, сланецтен және ауыр мұнай қалдықтарынан синтетикалық сұйық жанармай алудың жаңа технологиясын жасау, т.б. Институтта мұнай-газ бұрғылау ісінде қолданылатын көмір-сілтілік реагент алу технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді (А.Молдыбаев). Көмір өндіру, қайта өңдеу және химия өнеркәсіптерінің өнімдерінен және қалдықтарынан жаңа мономерлер мен полимерлер алу негіздері, Орталық Қазақстан көмірі негізінде қозғалтқыш сұйық жанармайын алу технологиялары жасалды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Органикалық синтез және көмір химиясы институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}