Зарқұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зарқұммұсылман әскерлерінің жеңісі мадақталатын, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен таралған діни қисса. Қисса қазақ даласына ислам дінінің орнығуымен бірге әуелде ауызша таралған. Алғаш рет қазақ тілінде 1877 жылы Қазан қаласынан кітап болып шыққан. Құрастырушысы мен баспасы белгісіз. 1879, 1881, 1888 жылдары Ш.Хұсайыновтың құрастыруымен университет баспаханасында, 1883 жылы Вячеслав баспаханасында, 1902, 1904, 1907 жылдары Ш.Хұсайынов ұрпақтарының құрастыруымен университет баспаханасында, 1909, 1910, 1914, 1916 жылдары Б.Л. Домбровский баспаханасында (Қазан), барлығы 12 рет жарық көрген. Қиссада Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) заманында ислам дінін қорғау мақсатында болған соғыс қимылдары суреттеледі. Шайқас эпикалық ауқымда жырланған (қара Діни қиссалар). “Зарқұм” қиссасы – ислам дінін қорғау жолындағы мұсылмандар күресін көркем бейнелейтін діни тақырыптағы құнды ескерткіштердің бірі.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зарқұм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}