Зарқын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Зарқын, арнебия (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, БалқашАлакөл ойыстарының құмдарында және Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының тастақты беткейлерінде өсетін шұбар Зарқын (A. guttata), ірі гүлді Зарқын (A. grandіflora), Каспий Зарқыны (A. transcaspіca) және жатаған Зарқын (A. decumbens) деген 4 түрі кездеседі. Биіктігі 5 – 30 см. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі ұзын қылтанақты түкті келеді. Жапырақтары өркенге кезектесіп орналасқан. Күлгін, қызғылт, сары түсті гүлдері түтікше тәрізді 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшаларынан, бес аталық және бір аналықтан құралған. Аналық мойны жіп тәрізді өте жіңішке, ұзын, аузы қос тілімді болады. Жәндіктер арқылы тозаңданады, сәуірмаусым айларында гүлдеп, мамыршілдеде жемісі піседі. Жемісі піскенде 2 немесе 4 бөлшекке ажырайтын жаңғақша. Гүлдері шырын бөлетіндіктен балды өсімдіктердің қатарына жатады. <ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зарқын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}