Заряд әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заряд әдісі (Үлгі:Lang-ru) - электрөткізгіш кен денесінің өзіне немесе оны кіріктіруші таужыныстардың одан сәл-пәл қашығырақ нүктесіне қойылған (жертұйықталған) тоқ көзінен туындайтын электр яки магнит өрісін зерттеуге негізделген электрбарлау әдісі. Әдетте өте жоғары электрөткізгіштік қасиетпен сипатталатын сульфидті кенорындарды, сирегірек магнетит, антрацит және графит кенорындарын іздеу және барлау барысында қолданылады; жерасты сулары ағынының бағыты мен жылдамдығын, басқа да келелі мәселелерді шешуге қолданылуы мүмкін. Заряд әдісі көмегімен кен денесінің кеңістіктегі орнын, мөлшерін және астасу элементтерін анықтауға және тау қазындылары мен бұрғылау ұңғымасындағы кен қабаттарын бір-бірімен сәйкестіру мәселелерін жүзеге асыруға болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}