Жәмила Нұрмағамбетқызы Шашкина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәмила Нұрмағамбетқызы Шашкина (1914 жылы туған), актриса, әнші (сопрано), КазКСР-інің халық артисі (1962).

  • 1935-1936 жылы ГИТИС-тін қазақ бөліміңде оқыды.
  • 1937-1938 жылы Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1938 жылдан С. Сейфуллин атыңдағы Қарағанды облыстық драма театрында істейді. Түңғыш рөлі — А. Шаниннің «Көмір майданы» пьесасындағы шахтер қызы Гүлсімнің бейнесі. Шашкина әйелдердің жарқын бейнесін сахнала шебер ойнады. Олар — Қыз Жібек (осы аттас Е.Брусиловский мен Ғ. Мүсіреповтің музыкалық драмасында), Енлік, Қарлыға, Айман (М. Әуезовтің «Еңлік — Кебек», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Айман — Шолпан»), Баян (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), Бәтес (С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат»), Шәрбән (3. Шашкиннің «Ақын жүрегі»), ана (Б. Тәжібаевтың «Ана жүрегі») т. б. классикалық пьесалардың қойылымдарында (Лопе де Веганың «Кызғаныштан туған махаббатындағы» Диана, Еврипидтің «Медея» пьесасындағы Сүт-ана т. б.) өнер көрсетті. Шашкина Қарағанды қаласындағы жұмысшы-жастар театрын ұйымдастырушылардың бірі. Еңбек Кызьл Ту орденімен марапатталған. Қарағаңды қаласының

құрметті азаматы.

<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}