Жұқпалы емес аурулар
Жұқпалы емес аурулар біреуден біреуге жұқпайды. Олардың басқаша себептері болады. Сондықтан қандай ауру жұқпалы, қайсысы жұқпалы емес екенін білу өте маңызды.
Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр түрлі себептері болады. Олар ешқашанда денені жайлап алатын микробтардан, бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерден пайда болмайды. Олар бір адамнан екінші адамға берілмейді. Микробтармен күресетін антибиотиктер немесе дәрілер жұқпалы емес ауруларды емдегенде көмектеспейтінін түсінген жөн.
Есіңізде болсын: Жұқпалы емес ауруларды емдеуге антибиотиктер пайдаланылмайды.<ref>Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.ISBN 5-615-01453-9</ref>
Жұқпалы емес аурулардың мысалдары
- Ақшам соқыр
- Аллергия
- Асқазан жарасы
- Бастың сақинасы
- Бауырдың беріштенуі
- Демікпе
- Жемсау
- Жүрек ұстамасы
- Жылан шағу
- Қанның азаюы
- Қояншық
- Кретинизм
- Ксерофтальмия
- Маскүнемдік
- Пеллагра
- Рак
- Ревматизм
- Сал болу
- Суқараңғы
- Тойып тамақ ішпеу
- Улану
Дереккөздер
<references/>