Ақшам соқыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақшам соқыр (грекше hēmera — түн, іңір, al(aos) — соқыр, ōps— көз, hemeralopіa — түн соқыры, тауық соқыры) — көздің жарық жеткіліксіз жағдайда, ымырт жабылып, қараңғы түскен кезде және түнде нашар көруі. Оның симптомдық және эссенциялық түрлері бар. Ақшам соқырдың симптомдық түрі көзінің тор және тамырлы қабықтарында немесе көру нервісінде органикалық ауруы бар адамдарда (ветинит, хориоретинит, глаукома, көру нервісінің семуі, тор қабығының пигменттік әлсіреуі, өте жоғары миопиялық кемістік) байқалады. Эссенциялық ақшам соқыр — көздің қараңғыда көрмеуі. Ол ішкен астың құнарсыздығынан, әсіресе тамақ құрамында А және В2 (рибофлавин) витаминдерінің жоқтығынан көктем айларында жиірек болады.Ақшам соқыры тұқым қуалауы да мүмкін. Көздің көруін жақсарту үшін сырқатты уақтысында ұқыпты емдеу керек. Сондай-ақ құрамында А, В2 витаминдері мол тамақ ішкен жөн.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақшам соқыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

en:Hemeralopia pt:Hemeralopia ro:Hemeralopie ru:Гемералопия