Жұмыла

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түсіндірме сөздікте бұл сөздің мағынасын ұғындыру ретінде —«жабыла» түлғасын алған. «...Олай болса, осы мәселені шешуге жұмыла кірісуіміз керек» (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Суреткер.).

В. Радлов өзінің сөздігінде бұл сөздің тек қазақтарда қолданылатынын көрсете отырып, «бүкіл», «барлық» мағынасын білдіретін арабтардан ауысқан «джумла» тұлғасындағы сөз екендігін айтады. В. Радловтың пікірінің дұрыстығы 1984 жылы баспадан шыққан Н. Оңдасыновтың «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігінен» анықтала түскендей болады. «Анықтала түскендей болады» деп күмәндануымыздың да өзіндік мәні жоқ емес. Ертедегі түркі жазба ескерткіштері дерегіне зер салсақ, дәл сол мағынадағы әрі дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөз кездеседі. М. Қашқари сөздігі мен ұйғыр жазуларында: «йумғы» —бәрі; йумғын—бәрі, бірге; йумғу — бәрі, барлығы сияқты мәліметтер бар. Әдетте, біз мысал алған сөздікте сөздердің араб, парсы тілінен ауысқандығын аңғартатын белгілер қойылып отырады. Ал мына біз келтірген сөздердің тұсында ол дәстүрдің нышаны білінбейді. Осы жағдайларды еске ала келіп, «жұмыла» сөзінің төркіні түркі тілдерінің өзі болар деген ойдамыз. Бұған қоса моңғол тілінде «барлық», «барша» мағынасын беретін «цем» сөзінің кездесуі де бұларға ол сөз арабтардан ауысты дегеннен гөрі, түркі тілдерінен енген деу шындыққа жақын болмақ. Кім біледі, арабтардағы «джумла» сөзінің өзі оларға түркі тілдерінен ауысқан болуы мүмкін.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}