Жұмекен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ЖұмекенАтырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл. Еңбекші ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ганюшкин ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде, Еділ өзінің Өлеңті тармағын бойлай, құрақ, қамыс өскен шалғынды-батпақты шөлейтті белдемде орналасқан.

Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланды. Алғашында “Өлеңті” ауылдық кеңесінің орталығы болды. 1976 жылы ұжымшар негізінде ұйымдасқан 25-партсъезд атындағы қой кеңшары мен Еңбекші ауылдық кеңесінің орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар таратылғаннан кейін, “Ақжонас” өндірістік кооперативі құрылды да, ауылға ақын Жұмекен Нәжімеденов есімі берілді.

Халқы

Тұрғыны 1414 адам (2009 ж.).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі..</ref>

Жұмекенде байланыс бөлімі, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері