Жүрсін Молдашұлы Ерманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрсін Молдашұлы Ерманов (12.2.1951 жылы туған, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қурайлы ауылы) – ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1976), Алматы жоғары партия мектебін (1982) бітірген. 1980 жылға дейін Жезді ауданы “Октябрь туы” газетінде әдеби қызметкер, 1971 – 78 жылдары Жезқазған облысы телерадиокомитетінде аға редактор, 1978 – 80 жылдары бас редактор болды. 1982 – 92 жылдары Қазақ республикалық теледидарында бас редактор, 1992 – 96 жылдары “Қазақ әдебиетігазетінде, “Жұлдызжурналында бөлім меңгерушісі, “Қазақ мемлекетігазетінде бас редактордың бірінші орынбасары, “Қазақстан қанаты” – “Крылья Казахстана” газетінде бас редактор болып істеді. 1997 – 2003 жылға дейін шығармашылық жұмыста болды. 2003 – 06 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық ғылыми-зертттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, 2006 жылдан “Қазақстан” республткалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Қазақ радиосының бас директоры. Тұңғыш өлеңдер жинағы – “Жанартау” 1983 жылы жарық көрді. 1986 жылы “Арайлы күн, армысың” жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығына ие болды. “Ұлытауға бардың ба?..” (1989), “Құдіретке жүгіну” (2005), “Екі тізгін, бір шылбыр” (2007) атты кітаптардың авторы. Өлеңдері мен поэма, балладалары адам, оның жан дүниесі, рухани құндылықтарын өзек етеді. Ерманов қазақтың атамұра өнері – ақындар айтысын қайта жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау ісінде айтарлықтай жұмыстар атқарды. Ақындарды 1984 жылдан үлкен сахнаға шығарып, халық өнерін, ұлттық рухты көтеруге үлес қосты. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, “Қазіргі айтыстар” (2005, Аст., 2 том) жинағын құрастырды. Бірнеше бейне, аудиокассета, дискілері жарыққа шықты. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүрсін Молдашұлы Ерманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}