Жікіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қысқаша мәлімет

Жікіл, Шігіл - Тараз қаласы маңындағы ортағасырлық қала орны.

Араб географы Мұтаххар әл-Мақдиси: " Шігіл - Тараздан айқайласа адам дауысы жетерлік жердегі кішігірім елді мекен. Ол айнала қорғаныс дуалымен қоршалған, мешіті каланың базар алаңында орналасқан", — деп жазады. Жікілде 12 ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінін уағыздаушы Әбдрахман әл-Мұхаммед ибн Яхия туған деген де мәліметтер бар. Александр Натанович Бернштамның пікірінше, Жікіл Ыстықкөл мен Тараздың маңын мекен еткен түріктердіңЖікіл тайпасының атымен аталған. Қала алғашында жікіл тайпасы қоныстанған елді мекеннің орнында қалыптасса керек. Тараздың оңтүстік-шығысынан 3 километр жердегі Жалпақтөбені кезінде Г.И.Пацевич Жікілдің орны деп анықтаған. Қазіргі кезде Жалпақтөбеде каланың шахристаны мен цитаделі ғана сақталған. Жалпы ауданы 1 гектарға жуық, мәдени қабатының биіктігі 1—1,5 метр. Жалпақтөбеде 1960—63 жылы Т.Н.Сенигова басқарған Тараз Археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Шахристанда жүргізілген қазба жұмыстары барысында қабырғаларының тұғыры жұмыр қойтастардан қаланып, жоғарғы жағы көлемі 40x42x10, 25x35x8 сантиметр кесектерден соғылған көптеген үйлердің орындары аршылды. Олардың сары балшықпен сыланған едендерінен ошақтың және айналасы кесекпен өрілген астық сақтайтын шұңқырлардың орындары қазылды. Зерттеу кезінде табылған бұйымдар (қыш ыдыстар, дән үгіткіштер, Түргеш қағанаты кезіндегі теңгелер, темірден жасалған жебенің ұштары, т.б.) Тараз қаласының 8—9 ғасырларға жататын құрылыс қабатынан шыққан заттарға өте ұқсас.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}