Жуғыш заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:3 Sorten waschpulver.jpg
Кір жуғыш ұнтақ

Жуғыш заттар (Моющие средства) — кір жуғанда қолданылатын ұнтақтар, сықпалар, сұйық ерітінділер. Қазіргі жуғыш заттар бірнеше құрамдастан, соның ішінде тензидтен (сабын, беттік-белсенді заттек және т.б.), ағартқыштан, сұйық әйнектен және кір жуатын содадан тұрады. Жуғыш заттар құрамында фосфаттар үлкен рөл атқаратын, олар тұрмыстық ақаба сумен су қоймаларға түсіп, оларды эвтрофтандыратын болғандықтан қазіргі уақытта фосфатсыз жуғыш заттар рецептілері жасалады. Қазіргі жуғыш заттарды керектілігі қандай болғанына қарамай, барлық суда және қандай мата түрін болсын жуғанда қолдануға болады. Алайда, тұрмыстық ақаба суда жуғыш заттар болуы оны тазалауды қиындатады және бұдан қалатын құрғақ қалдықты тыңайтқыш ретінде пайдалануды шектейді. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны барынша аз ластайтын, экологиялық тұрғыдан оңтайлы жуғыш заттар түрлерін жасап шығару бағытындағы жұмыстар жалғасуда.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жуғыш заттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}